Көктемгі егіс жұмыстары үшін дизельдік отын бағасы жыл сайын 3%-ға өседі

11 Мамыр 2022, 14:55
1295
Бөлісу:
Көктемгі егіс жұмыстары үшін дизельдік отын бағасы жыл сайын 3%-ға өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. 

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған дизельдік отынның болжалды бағасы нарықтан 15-30%-ға төмен болады. АШТӨ үшін МӨЗ-ден дизель отынын жөнелту басым негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте тиеп-жөнелтуді бақылау және мониторингтеу тәулік сайынғы негізде жүзеге асырылады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол көктемгі егіс жұмыстары үшін дизотынның бағасы қанша теңгені құрайтынына тоқталды. 

Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы МӨЗ-де 1 тоннасы үшін 212 мың теңге, яғни бұл литріне 176 теңге деген сөз. Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, АШТӨ үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан (230-260 теңге/литр) орташа алғанда 15-30%-ға төмен болады. 2019 жылмен салыстырғанда баға өсімі 8,4%-ды құрайды немесе жыл сайынғы өсімнің 3%-ынан аспайды, - деді вице-министр. 

Өзгелердің жаңалығы