Маңғыстауда үйлерін су басқан отбасыларға бір реттік қаржылай көмек беріледі

11 Мамыр 2022, 18:15
1762
Бөлісу:
Маңғыстауда үйлерін су басқан отбасыларға бір реттік қаржылай көмек беріледі
Фото: автордан

Маңғысау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысында үйлерін су басқан отбасыларға бір реттік қаржылай көмек беріледі. Бірақ оның көлемі комиссияның шешімімен шығын көлеміне қарай бөлінбек.

Айта кетейік, толассыз жауған нөсер жауыннан әсіресе, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындары зардап шекті. Барлығы 50 ге жуық үйді су басты. Мұнайлы ауданыныда 116 көше мен 100 ден аса үйдің ауласына су жиналды. Өкінішке қарай, Батыр ауылында бір үйдің 2 баласы құдаққа жиналған жаңбыр суына түсіп, қайтыс болды. Ал Бейнеу ауданында зираттап шыққан 1 автобус толы адам балшыққа батып, жолда қалған. Құтқарушылар барлығы 23 тұрғынның жартысын ауылға сол күні, қалғанын келесі күні бір-ақ жеткізді.

Су сору жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. қазіргі таңда тек бізде Атамекен аулдық округі қалды. Су кірген үйлердің бәрін қарау жұмыстары жүргізілуде. Және осыған байланысты комиссмиямен акт жасап, акт жасақталып болғаннан кейін. аудан көлемінде шешім қабылданады, – деді Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Азамат құлманов.

Өзгелердің жаңалығы