Дизотын. Өңірлердегі баға қандай?

11 Мамыр 2022, 16:23
1536
Бөлісу:
Дизотын. Өңірлердегі баға қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол солтүстік және оңтүстік өңірлердің шаруалары үшін дизельдік отынның бағасындағы айырмашылықты түсіндіріп берді.  

Біз ірі жеткізушілермен келісе отырып, зауыт жағдайында бағаны тоннасына 212 теңге деп анықтадық. Бұл дегеніміз – литрі 176 теңгені құрайды. Бұл жерде өңірлерге жеткізу қызметін, мұнай базаларында сақтауға кететін шығындарды қосыңыз. Көп жағдайда операторлар қаржылық ресурстарды осы операцияларды қаржыландыру шығындарға жұмсайды. Соның салдарынан аймақтардағы баға әр түрлі болады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар вице-министр мұнай өңдеу зауытынан  неғұрлым алыс орналасқан сайын отынның бағасы  да жоғарылай береді деп отыр. 

Зауытқа неғұрлым жақын орналассаңыз, әрине, бағасы да арзандау болады. Кез келген жағдайда бұл жанар-жағармай құю бекеттеріндегі бөлшек сауда бағасына қарағанда әлдеқайда арзанырақ. Жанар-жағармай бекеттерінде орталық пен оңтүстік облыстарда бір литр үшін 230 теңге деген баға бекітілген. Ал солтүстік пен шекара маңындағы облыстарда литрі 260 теңгеге жетеді. Егер жанар-жағармай құятын бекеттерде баға сақталмаса, сәйкес тексеріс жүргізіліп, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан сәйкес ұйғарымдар беріледі, - деді Әсет Мағауов. 

Өзгелердің жаңалығы