Біртановтың сот отырысы өтіп жатыр

11 Мамыр 2022, 11:57
1456
Бөлісу:
Біртановтың сот отырысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Біртановтың қорғаушысы судья Роза Жақанованың сот процесіне жәбірленуші тарап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ретінде қатысуының заңдылығы мен негізділігі туралы мәселені көтерді.

Жәбірленушінің өкілі Роза Жақанованы қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтінішті қайта жібереміз. Менің өтінішіме, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің кадр қызметінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Бекжановтың қолы қойылған жауап келді. Жоғарғы Соттың жауабында: Роза Жақанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен отставкаға кетуіне байланысты судья қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2012 жылғы 1 ақпандағы өкімімен судья Жақанованың жеке арызы негізінде оның орнынан түсуі тоқтатылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2015 жылғы 14 қазандағы өкімімен судья Жақанованың орнынан түсуі қалпына келтірілді. Осылайша, Жақанова отставкадағы судья болып есептеледі, - деді Біртановтың қорғаушысы Серік Сағалиев. 

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов адвокатының өтінішін қолдауды сұрады.

Отырыс аяқталған соң сот адвокат Серік Сағалиевтің Жақанованы қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот қаулы етті: сотталушы Біртановтың қорғаушысы, адвокат Сағалиевтің өтініші қанағаттандырылсын, Роза Жақанова судья атағын сақтап, сот қауымдастығына жататындықтан жәбірленушінің өкілі ретінде қылмыстық іске қатысудан шеттетілсін. Жұмыстан шығу шағымдануға жатпайды. Сот Жақанованы жәбірленушінің өкілі ретінде іске қатысудан толықтай босатады, - деді Сарыарқа ауданының No2 аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов

 Сот отырысына БАҚ өкілдері, қорғаушы және айыптаушы тарап қатысып жатыр. Онлайн сот отырысына 100-ге жуық адам қатысып отыр. 

Еске салайық, 18 наурызда сот Біртановтың ісін заң бұзушылықтарды жою үшін Бас прокуратураға қайтарған болатын. 5 мамырда іс қайтадан Сарыарқа аудандық сотына жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы