Алматыда қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

11 Мамыр 2022, 19:00
1345
Бөлісу:
Алматыда қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» ЖШС және «Alpha Lux Consulting» ЖШС басшылары мен менеджерлеріне қатысты қаржы пирамидасы туралы қылмыстық істі сотқа жолдағандарын мәлімдеді.

Прокуратураның мәліметінше, аталған мекеме салымшыларға 600 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Тергеу барысында анықталғаны ұйымдастырушылар мен менеджерлер ұялы телефондарға қоңырау шалып, қаржылық сауаттылық курстарына шақыртып, содан кейін олар салым сомасына байланысты әр түрлі пайыздармен 124 салымшыны алдап, ақшаны сенімгерлік басқару туралы келісімдер жасаған.
Инвесторларға салым сомасына байланысты жедел төлемдер уәде еткен, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс шеңберінде 6 адам күдікті ретінде танылып, оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Прокуратура органдары азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беретін түрлі кәсіпорындарға қаражат салу туралы ұсыныстар алған кезде абай болуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы