Все новости за 7 қазан 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада «Astana Marathon-2022» өтеді
Алдағы жексенбіде елордада жыл сайынғы халықаралық «Astana Marathon-2022» спорттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап
-
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер демалыс күндері еліміздегі ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
-
Бір жылда баспана бағасы 25,9%-ға қымбаттады
Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 25,9%, жаңа тұрғын үйлердікі 17,7% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
-
Алматыда жылу қашан беріледі?
Алматы әкімдігі 5 күн ішінде +8 градус және одан төмен болса, қалада жылу қосылатынын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткі қылмысымен ұсталғандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Есірткі қылмысына тартылған жастар өздерін қандай жаза күтіп тұрғанын біле бермейді. Бқл туралы Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы Сергей Ильиных айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев ОСК-ға күмәнді құжаттар тапсырған
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент сайлауына әйел кандидат ұсынылды
Бүгін кәсіби қызметкерлер мектебінің ғимаратында “Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы жариялаған рейтингте бір сатыға жоғарылады, деп жазады BAQ.KZ ҚФФ-ға сілтеме жасап.
-
Қоқыс сұрыптау зауыты осы айда іске қосылады – Өскемен
Қала тазалығы бүгінде облыс орталығының ең маңызды мәселелерінің біріне айналған. Сондықтан тұрғындардың таза қалада өмір сүруі үшін әкімдік, халық және мердігер ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың және жауапкершілікті бөлудің жаңа қағидаттары әзірленбек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада соңғы жылдары 400-ден астам көше жөнделді
Елорда әкімі Алтай Көлгінов көлік және көше-жол желісі саласындағы цифрлық шешімдер, кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер анықталды
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қостанайдағы өртті сөндіруге қатысқандар марапатталды
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қостанай облысындағы табиғи өртті жоюға қатысқандарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Атырауда 3 млрд теңгеден астам ақша қаржы пирамидаларына салынған
Атырау облысында соңғы екі жылда қаржы пирамидаларының құрығына ілігетіндер саны азайған. Мәселен, 2021 жылы мұнайлы өңірде Ресейлік ұйымға 15 азамат алданса, биылғы жылдың басынан бері қаржы пирамидаларының арбауына түскендерден шағым жоқ, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада 9 қазанда қала бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елордада Astana Marathon 2022 халықаралық марафонының өтуіне байланысты 9 қазанда қала бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылыту маусымының басталуы штаттық режимде өтіп жатыр
Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде селекторлық кеңес өтіп, онда 2022-2023 жж. жылыту маусымын дайындау мен бастаудың ағымдағы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Патриоттарды тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеті
Қорғаныс министрлігінде «Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысын іске асыру тәртібі бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент сайлауы. Тоқаевтың құжаттары ОСК-ге жолданды
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенаторлар отандық денсаулық сақтау саласына инновация енгізу мәселелерін зерделеді
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Назарбаев Университеті» ДББҰ Медицина мектебінде және университеттің медициналық орталығында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында балалардың жаппай улануына қатысты тергеу аяқталды
Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ГМО өнімдерінің зияны ғылымда дәлелденбеген – биотехнолог
Кейінгі кездері ГМО, яғни генетикалық модификацияланған өнімдер деген сөзді жиі естиміз. Жалпы ГМО дегеніміз не? Оны азық-түлікке пайдалану денсаулыққа қауіпті ме? Алайда бұған қатысты ғылымда нақты дәлелденген тұжырым жоқтың қасы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының мүшелігіне тағайындалды
Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының мүшелігіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ұйым сайтына сілтеме жасап.
-
Тоқаев ТМД басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Константин сарайына келді
Бұл туралы Ақорданың Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары қаралды
Қазақстанда қазанның екінші жексенбісінде мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі, деп жазады BAQ.KZ.
-
Біздің киберспортшылар көпке үлгі
Көпшілікке әлі белгісіз ерекше спорт түрінің бірі - киберспорт. Мұны кейбірі компьютер алдынан шықпай ойын ойнау деп біледі. Алайда, бұл олай емес. eSport ерекшелігі туралы және еліміздегі дамуы жөнінде киберспорт федерациясының PR-директоры Батырхан Тоғайбаевпен сұхбат құрдық, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат вице-спикері G-20 елдері Парламент Спикерлерінің VIII саммитіне қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Индонезияда өткен G20 елдері парламенттері спикерлерінің VIII саммитіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәжіліс цифрлық активтер туралы заң жобасын қарайды
Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Онколог: Елде күн сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады
Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова «Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті» ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде бір айда 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған
Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған. Бұл туралы BAQ.KZ «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ сілтеме жасап хабарлайды.
-
Газ қауіпсіздігі. Нені білген жөн
Елімізде соңғы жылдары тұрмыстық жағдайда газ баллондарын пайдалану ережелерін дұрыс сақтамағандықтан, туындаған төтенше оқиғалар саны сиремей тұр. Бүгін тағы бір отбасы осы немқұрайлылықтың кесірінен ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбылдық полицейлер Шу ауылының тұрғынынан 38 келі есірткі тәркіледі
Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің арнайы бөлімше әскери қызметшілері «Қарасора- 2022» жедел- іздестіру іс шарасын жүргізу барысында бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтау жолын кесті.
-
Жамбылдық полицейлер 600-ден астам мас жүргізушіні анықтады
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Жамбыл облысының аумағында мас жүргізушілерді анықтау бойынша күнделікті пысықтау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Ел дамуының жаңа саяси дәуірі» атты жиын өтті
Талдықорған қаласында «Ел дамуының жаңа саяси дәуірі» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Русофобияға қатысты: Біз емес, олар ойлану керек – Сүлеймен
Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлеймен ел жастарының әлеуметтік желідегі бейнелеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Елдегі 12 мыңға жуық қыз бала папилломаға қарсы екпе алған – онколог
Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова «Қазақстанхалқының репродуктивті әлеуеті» ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биік өкшелі аяқ-киімді ерлер киді ме?
Оны адамзат тарихында алғаш рет парсылық атты әскерлер киген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекетке опасыздық жасаған Шайхутдинов 7 жылға сотталды
Мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтағанын және үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Миллион теңгеге дейін грант береміз – Тұқымов
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қатысушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Табысын арттырмақ болған павлодарлық алаяқтарға 19 млн теңгесін беріп қойды
Табысын арттырмақ болған павлодарлық алаяқтарға 19 млн теңгесін беріп қойды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Өскеменде терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр
Облыс орталығында терроризмге қарсы жаттығу өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда 1200-ден астам көпқабатты үйге жылу берілді
Облыс орталығындағы 1255 көпқабатты үй жылу желілеріне қосылды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент ТМД басшыларының кездесуіне қатысады
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰҚКД бастығының Алматы бойынша бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Соттың санкциясымен екі айға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Алматы жастары» бағдарламасына қатысушыларға екінші мүмкіндік берілді
Алматы қаласының әкімдігі «Алматы жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысуға берген өтінімдерді қосымша іріктейтінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көлгінов стратегиялық нысандардың құрылысы туралы айтты
Астанада үш газ жылу стансасының, ЖЭО-3, сорғы-сүзгі стансасының (ССС-3) және т.б. құрылысы жүргізіліп жатыр, Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында стратегиялық объектілердің құрылысы туралы Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар сайлауға бара ма?
BAQ.KZ тілшісі елорда көшелеріне шығып, астаналықтар мен қала қонақтарынан «20 қарашада болатын Президент сайлауына барасыз ба?» деп сұрады.
-
Маңғыстауда кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша 4 мыңға жуық жоба қолдау тапты
Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында 2019 жылдан бастап 4 мыңға жуық жоба қолдау тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Абай облысы әкімінің орынбасары болып Димитрий Гариков тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қоғамдық сауалнама жүргізуге 2 ұйым өтініш берді
Алда өтетін президент сайлауында қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз азаматтық қоғамға үлкен қадам жасады - Дархан Қыдырәлі
Астанада «Жаңа Қазақстан – мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда 14 шақырымдық жылу желілері жаңартылады
Келесі жылы облыс орталығының көшелеріндегі жылу желілерінің 14 шақырымы ауыстырылады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент сайлауы. Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ел ішіндегі мәселелерді реттеп, сыртқы саясатқа ден қоюымыз қажет - Сүлеймен
Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов Президенттік сайлауға қатысты пікірін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Семей қаласының әкімі тағайындалды
Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таразда көмірге деген қажеттілік азайып келеді – әкімдік өкілі
Тараз қаласында жалпы жылу өндіретін және жеткізетін 5 кәсіпорын бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Эшелон-2022» оқу-жаттығуында жауынгерлік міндеттер пысықталды
«Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету оқу-жаттығуында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің бөлімшелері күрделі таулы жерлерде көліктің орамын қолдану арқылы материалдық құралдарды тасымалдау бойынша тактикалық іс-қимылдарды пысықтады.
-
Ұмытылған намысымыз оянып келе жатыр - Әубәкіров
Президенттік кандидатты қолдау форумында Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров сөз сөйледі деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
МӘМС: Қыркүйек айында Астана қаласы бойынша 5,8 млрд теңгеден аса жарна түсті
Осы жылдың қыркүйек айында МӘМС үшін елордалықтар 5,8 млрд теңгеден аса жарна аударған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
7 қазанға арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Мұрат Әбенов жаңа қызметке тағайындалды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният белгілі қоғам қайраткері, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбеновпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарайшықтан алғаш рет керуен сарайдың орны табылды
Махамбет ауданында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне керуен жолдары және оның бойындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу мәселелері» тақырыбында далалық семинар өтті, деп хабарлай BAQ.KZ.
-
Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
«Қазақ» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Америка Құрама Штаттарында өтетін кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ спортшының желідегі парақшасына сілтеме жасап.
-
Оралда «Атамекен» фестивалі мәреге жетті
Орал қаласында үш күн бойы ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық пен «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ХІІ халықаралық «Атамекен» фестивалі өтті, деп хабарлайды БҚО-дағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Приозерскіде Абай саябағының құрылысы басталды
Приозерск қаласында болашақ саябаққа арналған алаңды тазарту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жақында қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды отырғызу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін республиканың бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
7 қазан, жұмада Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атыраудың үш ықшамауданында ипотекаға үй салынып жатыр
Атырауда келесі жылы Талғайраң ауылы, Береке, Самал ықшам аудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиевтің мәліметіне сілтеме жасап.
-
7 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.
-
Әділетті Қазақстан идеясы – елдің әрбір азаматының бақытты және табысты болуына жағдай жасау
Елдегі белгілі меценат, кәсіпкер Исламбек Салжанов қоғамда болып жатқан өзгерістерге пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Ол қазіргі әрекеттің бәрі – азаматтық қоғамның үні деп айтты.
-
Шымкентте «Төлем» картасын қолданушылар саны 500 мыңнан асты
Шымкентте «Төлем» электрондық картасын қолданушылар саны 500 мыңнан асты. Оның ішінде 230 мыңға жуығы мектеп оқушыларының және студенттердің картасы. Бұл туралы BAQ.KZ қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант анықталды
Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Әлемде құрғақшылықтың қайталануы 20 есе артқан
Климаттың өзгеруінен әлемде құрғақшылықтың қайталануы 20 есе артқан. Ауа райын бақылаумен айналысатын World Weather Attribution ұйымы өкілдерінің зерттеуі осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
-
Жер бетінде 95 млн адам тым кедей өмір сүреді – БҰҰ
2022 жылы әлемдік экономика жағдайы айтарлықтай нашарлаған. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы Екінші комитетінің отырысында Бас хатшының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Джунхуа мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.
-
Еліміз экспортқа шығарған күнбағыс майының көлемі үш есеге жуық өсті
2022 жылғы қаңтар-шілдеде отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты 82,8% қамтамасыз етті. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде бұл көрсеткіш 80,7% болған еді. Осы кезеңде күнбағыс майын өндіру көлемі 36,9% артты. Импорт 18,6% өсіп, 55,6 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom ақпарат көзіне сілтеме жасап.
-
ШҚО-да КамАЗ жол апатына ұшырап, 25 тонна күкірт қышқылы далаға төгілді
Рахман қайнары тасжолының Катонқарағай ауданындағы учаскесінде КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша 9 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ El.kz-ға сілтеме жасап.
Наверх