ҰҚКД бастығының Алматы бойынша бұрынғы орынбасары қамауға алынды

7 Қазан 2022, 13:00
1294
Бөлісу:
ҰҚКД бастығының Алматы бойынша бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Соттың санкциясымен екі айға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұханов пен басқа адамдарға қатысты қылмыстық істі алаяқтық фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы және Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеретін болады.

«2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұханов соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды»,-деді Антикордың баспасөз қызметі.

Ведомствода ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 27 шілдеде ҰҚК және Шекара қызметі департаменттерінің жаңа басшылары тағайындалған болатын. Атап айтқанда, ҰҚКД басшылары Абай, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша ауысты.

Аида Батырбекқызы

Өзгелердің жаңалығы