7 қазанға арналған ауа райы болжамы

7 Қазан 2022, 07:51
727
Бөлісу:
7 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.

Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Өзгелердің жаңалығы