ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант анықталды

7 Қазан 2022, 05:45
1080
Бөлісу:
ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант анықталды

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметіне сүйенсек, 1 қазаннан бастап өңір аумағында «Учаске» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Соның барысында көші-қон заңнамасын сақтамайтындар, Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзатын шетелдіктер анықталуда.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 3 964 пәтерді, 3644 жеке тұрғын үйді және 170 шаруа қожалығын аралады. Ішкі істер органдарында есепте тұрған 1,5 мыңнан астам адам тексерілді.

Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзған 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ ел аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып жатқан 40-қа жуық адам анықталды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, «Учаске» шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы