Қоқыс сұрыптау зауыты осы айда іске қосылады – Өскемен

7 Қазан 2022, 20:30
1208
Бөлісу:
Қоқыс сұрыптау зауыты осы айда іске қосылады – Өскемен

Қала тазалығы бүгінде облыс орталығының ең маңызды мәселелерінің біріне айналған. Сондықтан тұрғындардың таза қалада өмір сүруі үшін әкімдік, халық және мердігер ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың және жауапкершілікті бөлудің жаңа қағидаттары әзірленбек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Бұл туралы қала әкімдігінде өткен баспасөз конференциясында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Денис Федченко айтты.

Осы айдың 17-сі күні осы айда еуропалық серіктестермен бірге жаңа қоқыс сұрыптау зауытын іске қосамыз. Бұл қоқыс өртейтін зауыт емес. Барлығымызға белгілі, біз қаламызда қоқыс өртейтін зауыт салудан бас тартқан болатынбыз. Сұрыптау зауытында пластик, қағаз және басқа да қоқыстар сұрыпталады. Яғни, біз тастайтын қоқыстың 40 пайызы сұрыпталып, қайта қолданысқа енгізілді, - деді Денис Викторович.

Ал, тұрғындарды ынталандыру үшін жақында пластик пен қағаз қабылдайтын 2 пункт құрылады. Кез-келген адам оларды жинап, тапсырып, қосымша ақша таба алады.

Алғашқылардың бірі болып Якутская көшесінде ашылады. Жалпы, қалада ондай 10 пункт ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл қоқыстар кейін республиканың түкпір-түкіпірндегі қайта өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі, - деді қала әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы