Демалыс күндері ауа райы қандай болады

7 Қазан 2022, 22:31
1084
Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер демалыс күндері еліміздегі ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжыған, орталығы Баренц теңізінің үстінде орналасқан циклон өзімен бірге жаңбыр әкеледі.

Елдің солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік пен батыста шаңды дауыл тұрады. Циклон артынан Еуропа аймақтарынан суық антициклон жылжып келеді. Ол жаңа аптаның басында республиканың батысында, содан кейін солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды. Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасы -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +3-13 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.

Республиканың батысында түнде 1-9 градусқа дейін, ал күндіз ауа 15-25 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстікте түнде 1-6 градусқа дейін жылы, таулы аймақтарда 2-7 градусқа дейін аяз болады, ал күндіз күн 12-20 градусқа дейін жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы