Елордада соңғы жылдары 400-ден астам көше жөнделді

7 Қазан 2022, 20:07
944
Бөлісу:
Елордада соңғы жылдары 400-ден астам көше жөнделді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов көлік және көше-жол желісі саласындағы цифрлық шешімдер, кешенді көлік схемасының тұжырымдамасы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада зияткерлік көлік жүйесін пайдалану есебінен көлік жылдамдығы 18% - ға ұлғайды, жол жүрудің орташа уақыты 20% - ға азайды. «Ақылды» бағдаршамдар кептеліс кезінде оңтайлы жұмыс режимін таңдауға мүмкіндік береді, осылайша жолдардағы қозғалысты жеңілдетеді. Қалада бағдаршам нысандарының 40% - дан астамы зияткерлік функциялармен жабдықталған. Келесі кезеңде бағдаршам нысандарының шамамен 80%-ын ИТЖ-мен қамтуды жоспарлап отырмыз, – деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ бұған дейін елордада Кешенді көлік схемасы (ККС) тұжырымдамасы бекітілген болатын. Бұл халықтың жыл сайынғы өсуін және жолдардағы трафиктің ұлғаюын ескере отырып, қалалық көліктің 10 және одан да көп жылға бірыңғай техникалық көзқарасын әзірлеуге мүмкіндік береді. ККС сондай-ақ, жаңа автомобиль көпірлерінің, көлік айрықтарының санын ұлғайтуды, көшелерді кеңейтуді, жолдарды тесуді, қоғамдық көлікті айтарлықтай жаңғыртуды және т. б. көздейді.

Осы жылдың тамыз айында Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір бойынша қозғалыс ашылды, Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында тағы бір көпір салу келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар соңғы жылдары 400-ден астам көше жөнделді, олардың жартысы тұрғын алаптарында.

Өзгелердің жаңалығы