Павлодарда 14 шақырымдық жылу желілері жаңартылады

7 Қазан 2022, 11:17
1156
Бөлісу:
Павлодарда 14 шақырымдық жылу желілері жаңартылады
Фото: автордан

Келесі жылы облыс орталығының көшелеріндегі жылу желілерінің 14 шақырымы ауыстырылады, деп хабарлайды Павлодар облысындағы  BAQ.KZ тілшісі.

Сала мамандарының айтуынша, облыс орталығындағы инженерлік желілердің жағдайы мүшкіл. Жағдайды жақсарту үшін ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

Энергия таратушы ұйым өкілдерінің хабарлауынша, биыл жылу желілерінің 2600 метрі жаңартылып, 3200 метрі жөндеуден өткізілді. Олардың басым бөлігі – карталішілік желілер. 

Коммуникациялық нысандардың тозу деңгейі жыл сайын артып келеді. Осы жылдың соңында әбден ескірген желілердің үлесі 90%-ға жақындайды. Жағдайды ушықтырып алмас үшін жыл сайын кем дегенде 20 шақырымға жуық құбыр жөнделуі тиіс. Ал деңгейді азайту үшін 25 шақырымды реттеп отыру керек. Қызмет көрсетуші компания жергілікті әкімдікпен 11 шақырымдық желіні реконструкциялау бойынша меморандумға қол қойды, - дейді Павлодар жылу желілері кәсіпорны бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов. 

Кварталішілік желілер бірнеше шағын ауданның аумағында ретке келтіріледі. Ел инвестициялық бағдарлама шеңберінде үш шақырымдық желі жөнделеді. 

Жауыр болған мәселеге қатысты ел Президенті өңірге жұмыс сапары барысында да сөз қозғады.

Мысалы, облыс орталығындағы жылу желісінің 80%-ы тозған. Соның кесірінен тұрғындар қыстың көзі қырауда қайта-қайта жылусыз қалады. Екібастұздағы жылу электр орталығының жағдайы сын көтермейді. Қаланың жылу желісі әбден ескірген. Еліміздегі барлық электр қуатының төрттен бірін Екібастұз өндіреді. Соған қарамастан, қыс келген сайын қалаға жылусыз қалу қатері төнеді. Бұл – еш қисынға келмейтін жағдай. Павлодардағы бірінші Жылу электр орталығы мен Екібастұздағы Жылу электр орталығын кезең-кезеңімен жаңғырту керек, - деді Мемлекет басшысы.

Күрделі мәселеге қатысты нақты әрекет ету ел Үкіметіне тапсырылды. 

Өзгелердің жаңалығы