Биік өкшелі аяқ-киімді ерлер киді ме?

7 Қазан 2022, 14:24
1542
Бөлісу:
Биік өкшелі аяқ-киімді ерлер киді ме?

Оны адамзат тарихында алғаш рет парсылық атты әскерлер киген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биік өкшелі аяқ-киімдердің сырт келбетті сұлулыққа бөлеп, аяқтарды сымбатты етіп, бойды ұзартып көрсететін ерекше қасиеті бар. Сондықтан да, нәзік жанды арулар аяқ-киімнің бұл түріне құмар-ақ. Бірақ, биік өкшелі аяқ-киімді алғашқыда ерлер кигені туралы ақпаратты білесіз бе?

Биік өкшелі аяқ-киімді ерлер киді ме?

Биік өкшелі аяқ киімдер шамамен 9-ғасырда пайда болған. Зерттеулерге сүйенсек, биік өкшелі аяқ киім кию дәстүрі Ежелгі Египеттен бастауын алады. Одан соң Парсы шығанағы, кейін келе Еуропада биік өкшелі аяқ-киім кию сәнге айналды. Алғаш Грек актерлары сахнада бойларын ұзын етіп көрсету үшін биік өкшелі аяқ-киімдерді киіп бастаған болса, Еуропада офицерлер атқа мінгендегі қолайлылығы үшін биік өкшелі аяқ киімдің таңдаған. Bata Shoe музейінің қызметкері Элизабет Земмельхактың айтуынша, олар тақасы ұзын аяқ киімді ат үстінде садақ тартқанда тепе-теңдік ұстау үшін киген.

Биік өкшелі аяқ-киімді ерлер киді ме?

Қызығы, бүгінгі таңда әлемдік сән индустриясында биік өкшелі аяқ-киімді таңдап, оған қызығушылық танытатын ер азаматтар қауымының көптігі. Оған Rick Owens, Christian Louboutin секілді брендтердің ықпалы мол. Сән әуесқойлары берген сұқбаттарында бұл гендерлік стереотиптерді жоюдың бір жолы дейді.

Аида Батырбекқызы

Өзгелердің жаңалығы