Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев ОСК-ға күмәнді құжаттар тапсырған

7 Қазан 2022, 21:00
1120
Бөлісу:
Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев ОСК-ға күмәнді құжаттар тапсырған

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың «Мұқалмас» Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзіндікөшірмесі;

2. Н.Б. Әлтаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі.

Сондай-ақ Ортсайлаукомға а.ж. 7 қазанда «Мұқалмас» РҚБ филиалдарының бірқатар басшыларынан «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне Н.Б. Әлтаевты ұсыну туралы хаттамасының бұрмаланғаны туралы өтініш келіп түскенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы