Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова «Қазақстанхалқының Репродуктивті әлеуеті» ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жатыр мойнының обыры – бүкіл әлемде ғана емес, елімізде де көп өлім-жітімге себеп болып отырғаны белгілі. Халықтың репродуктивті денсаулығын назарда ұстау үлкен маңызға ие. Дүние жүзінде жатыр мойны ісігіне шалдыққан 604 мың жағдай анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да аталған аурумен бірігіп күресуге шақырды. ДДСҰ алдағы 30 жылға арнайы бағдарлама да жасады. Біріншісі – 9-14 жастағы қыз балаларды адам вирусы папилломасына қарсы вакцинациялау. Бұл - екпе жатыр мойнының онкологиясынан қорғайтын жалғыз екпе, - деп атап өтті дәрігер.
Айтуынша, қатерлі дерттің алдын алудың тағы бір жолы – скринингтен уақытылы өту.
Екіншіден, 30 жастан асқан әйелдерді скринингтен өткізу. Бұл тексерістен 30-бен 70 жас аралығындағы бүкіл әйелдер қауымы өте алады. Емханаларда мұның барлығы тегін. Үшінші жолы – обыралды процестерді емдеу. Еліміз осы жаһандық стратегияға қатысып отыр. Біз 2030 жылға қарай қыз балаларымыздың 90%-ы АВП (адам вирусы папилломасы – ред.) қарсы вакцинациядан өтуі тиіс, - деді Диляра Радикқызы.
Айтуынша, 2013-2015 жылдары елде 11648 қыз бала АВП екпесін алған. Бұл дегеніміз осынша әйел жатыр мойны обырынан қорғалған.
Алдағы мақсатымыз – 100 мың әйелге шаққанда жатыр мойны обырына шалдығу жағдайын 4 есеге дейін азайту, - деді елдің штаттан тыс бас онкологы.