Әлемде құрғақшылықтың қайталануы 20 есе артқан

7 Қазан 2022, 04:40
1117
Бөлісу:
Әлемде құрғақшылықтың қайталануы 20 есе артқан

Климаттың өзгеруінен әлемде құрғақшылықтың қайталануы 20 есе артқан. Ауа райын бақылаумен айналысатын World Weather Attribution ұйымы өкілдерінің зерттеуі осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін қуаңшылық солтүстік жарты шарда 400 жылда бір рет қайталанса, қазір аталған табиғи құбылыс 20 жылда бір рет орнайтын болған.

Мұның бәрі климаттың өзгеруінің салдары екені анық. Бүгінде қуаңшылық сирек болатын Орталық Батыс Еуропаның өзінде құрғақшылық жиілей түскен, - дейді Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық климаттық орталығының директоры Мартен Ван Алст.

Жуырда Индонезияда теңіз деңгейі көтерілді Климаттық өзгерістің салдары мен зардабын Индонезия да тартуда. Теңіз деңгейінің көтерілуінен Орталық Ява провинциясында үйлерді су басып, жергілікті жұрт амалсыз басқа жерге көшіп жатыр. БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық сарапшылар тобының есебі бойынша алдағы 30 жылда 143 миллион адам теңіз деңгейінің көтерілуі, құрғақшылық пен басқа да табиғи апаттарға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болады.

Өзгелердің жаңалығы