Онколог: Елде күн сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады

7 Қазан 2022, 16:07
2498
Бөлісу:
Онколог: Елде күн сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады

Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова «Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті» ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ел аумағы бойынша онкологияға шалдығу көрсеткіші бойынша сүт безі обыры бірінші орында тұр. Еңбекке қабілетті жастағы әйелдердің 70%-ы онкологиялық аурумен ауырады. Өкінішке қарай, репродуктивті жастағы әйелдердің 15,4%-ы қатерлі ісіктен көз жұмған. Мәселен, былтырдың өзінде 585 жүкті әйелде қатерлі ісік анықталған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 264 жүкті әйелді құраған, - деп атап өтті дәрігер. 

Айтуынша, қатерлі дертке 18 бен 49 жас аралығындағы әйелдер көп шалдығады. 

Республикада әйелдер арасындағы онкологияның орын алуының орташа жасы – 31 жас. Бұл дегеніміз – өте жас әйелдер қауымы. Олар көбінесе қалқаншабез обыры, трофобластикалық ауру мен сүйек саркомасы, жатыр мойны обырына көп шалдығады. Сүт безі обыры да толастамай тұр. Жасалып жатқан скринингтерге қарамастан, елімізде күніне 1 әйел жатыр мойнынан қайтыс болады деген сөз. Жатыр мойны обыры жүктілердің арасында әсіресе көп анықталып жатыр. Осы орайда гинеколог дәрігерлерден жүкті әйелдерді есепке алғанда мұқият тексерулерін өтінемін, - деп атап өтті Диляра Қайдарова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін штаттан тыс онколог елдегі  12 мыңға жуық қыз балаға папилломаға қарсы екпе алғаны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы