Павлодар облысында балалардың жаппай улануына қатысты тергеу аяқталды

7 Қазан 2022, 18:00
1035
Бөлісу:
Павлодар облысында балалардың жаппай улануына қатысты тергеу аяқталды
Фото: автордан

Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы мектеп оқушыларының жаппай улануына қатысты тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, мектеп асханасын жалға алған кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Тәртіп сақшылары құжаттарды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына қайтарды. Енді жалға алушы кәсіпкердің жазасын сот шешеді. Асхана иесіне 1,5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін. 

Астан улану дерегі Шарбақты ауданының №2 негізгі мектебінде болды. Облыстық балалар инфекциялық ауруханасында ем алған төрт оқушы жазылып шықты. Санытарлық талаптарды бұзуға жол берген мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен әлеуметтік педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал медициналық қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды. Қазіргі уақытта асхананы жалға алушымен келісімшарт бұзылды, - деп хабарлады облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын тоғыз бала асханадан тамақ ішкен соң аураханаға түсті. Олердың бесеуі амбалуториялық жағдайда, қалғаны облыстық ауруханада емделді. Бұл дерек бойынша жүргізіклген тексеріс нәтижесінде асханада санитарлық талаптарды бұзу анықталды. Нақтырақ айтқанда, асхана ішін залалсыздандыру жұмыстары нашар жүргізілгені белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы