Русофобияға қатысты: Біз емес, олар ойлану керек – Сүлеймен

7 Қазан 2022, 14:35
3297
Бөлісу:
Русофобияға қатысты: Біз емес, олар ойлану керек – Сүлеймен

Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлеймен ел жастарының әлеуметтік желідегі бейнелеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған Ресей азаматтары жаппай Қазақстанға ағылды.

Tik Tok желісінде ел жастары шетелдік азаматтардың елге көптеп кіруі пәтер бағасы қымбаттаты деп келушілерді айыптаған бейнежазбалары кеңінен тарап кетті. Ал бұл көріністі ресейлік азаматтар «русофобиялық көзқарас» деп қабылдады.

Жастарды түсінуге болады. Халықтың ондай қылыққа баруы, «ауызы күйген үрлеп ішер» дейді ғой. Олардан қауіп күтіп отырғанын себебіміз, тарихта тая-жеген кездеріміз бар. Оны ұмытпауымыз керек, өйткені ол біздің тарихымыз. Сол себепті халықтың олай істеп жатқанын біз емес, олар ойлануы керек. Халықтың неліктен мұндай ойда екенін түсінгендері абзал. Көрші елдің тарапынан Қазақстанға қатысты жөнсіз сыни пікірлер көп айтылды. Болмайтын сөздермен тиісті. Ал ата-балаларымыздың  тарихын қозғайтын болсақ, бұл бөлек әңгіме, - деді Олжас Сүлеймен.

Жастар ұйымының жетекшісі бұл жағдайға қатысты мысал келтірді.

Ағамыз әскерге кетіп қалады. Одан кейін әскерден қайтып оралған кезде бауырлары өсіп кетеді. Ал енді бауырларымен санасу қажет болады. Бауырының ойымен, жеке өмірімен және жүріс-тұрысымен санасуға тура келеді. Сол сияқты көрші мемлекеттеріміз де кейде соны түсінуі керек деп ойлаймын. Біз кеше ғана 30 жыл бұрын тәуелсіздік алдық. Әлемдік деңгейде өзнің бөлек орны бар мықты мемлекет болып қалыптастық. Бұрынғы синдромдардан құтылу қажет, - деді ол.

Сүлеймен халықты қазақтың даналығын көрсетуге шақырды.

Біз кеңпейіл халықпыз. Ата-бабамыздың мықтылығының арқасында 130-дан астам ұлт өкілдерін бауырымызға басып, қабылдадық. Сондықтан қазіргі жағдайда халқымызды сабырлық пен даналыққа шақырғым келеді, - деді Олжас Сүлеймен. 

Өзгелердің жаңалығы