ШҚО-да КамАЗ жол апатына ұшырап, 25 тонна күкірт қышқылы далаға төгілді

7 Қазан 2022, 01:50
1030
Бөлісу:
ШҚО-да КамАЗ жол апатына ұшырап, 25 тонна күкірт қышқылы далаға төгілді

Рахман қайнары тасжолының Катонқарағай ауданындағы учаскесінде КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 5 қазанда Өскемен - Рахман қайнары тасжолының 227-шақырымында, яғни Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылының маңында болған. Автоцистернасы бар Камаз аударылып қалып, соның салдарынан 25 тонна күкірт қышқылы төгілді. Ол 50 шаршы метр жерге жайылып кеткен.

Күкірт қышқылын залалсыздандыру және ластау көзін жою мақсатында аталған учаскеге 15 тонна әк төгілді. Енді департамент қызметкерлері жердің ластану деңгейін анықтау үшін оқиға орнына барып топырақ сынамасын алады. Ластану салдарын жою бойынша міндеттер күкірт қышқылын тасымалдаған «АМ Logistic» ЖШС-не жүктеледі, - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы