Все новости за 17 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Нұр-Сұлтан қаласының басты жетістіктері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар. Нұр-Сұлтан қаласының басты жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бақылауды күшейту – өзекті міндеттің бірі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметімен танысты.
-
Биыл Қарағанды облысының бірнеше ауылында жол жөнделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» бөлімінің XIX концерттік маусымының ашылуына орай әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған «СӘБИ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» еске алу кеші өтті.
-
Белгілі журналис Бақытгүл Мәкімбай дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналис Бақытгүл Мәкімбай 59 жасында дүниеден озды. Бұл туралы "ДАТ" басылымның бас оқырманы Ермұрат Бапи хабарлады.
-
Сәкен әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары Мәскеуде әскери қызметшілер арасында бокстан өтетін әлем чемпионатына қатысады.
-
Мамин «Қазақфильмге» барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барды.
-
COVID-19. Кубада екі жастан он жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубада екі жастан он жасқа дейінгі балаларды коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Бұл туралы The Chronicle хабарлады.
-
Цой жетекші ҒЗИ ұжымдарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және онкология және радиология ҚазҒЗИ ұжымдарымен кездесулер өткізді, сондай-ақ Алматы облысындағы "Антиген" зауытында болды.
-
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары желіде талқыға түскен хатқа жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова хабарлады.
-
Қазақ көкпары Еуропаның тағы бір елінде дәріптеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордада Қазақстан Люксембург ынтымақтастық қауымдастығы қорының өкілдерімен кездесу өтті.
-
Маңғыстау ветеринарлары халықты төрт түлігін тіркеуге шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру базасына тіркелмеген малға мемлекет тарапынан субсидия немесе қолдау көрсетілмейді.
-
Созылмалы аурулары бар адамдар нені білуі қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Созылмалы аурулары бар азаматтар өздеріне қажетті медициналық көмектің көрсетілетіндігін және учаскелік немесе бейінді дәрігердің жүйелі бақылауында болуы керек екендіктерін білулері тиіс. Төменде пациенттерге өз құқықтарын қорғауға көмектесетін ең қажетті сұрақтар мен жауаптар көрсетілген.
-
Елімізде TikTok жайлы алғашқы фильмнің түсірілімі басталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда TikTok туралы алғашқы отандық кинокартина – «AOOL HOUSE» толықметражды көркем фильмінің түсірілімі басталды.
-
Алматыда пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда пәтер ұрысы кезекті үйді тонау кезінде ұсталды.
-
Санақ парақшасындағы «біртүрлі» сұрақтар елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтауға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде «Қазақстанда әркім маңызды» ұранымен ұлттық халық санағы жүріп жатқаны баршаға белгілі. Бұл шара тек жалпы халықтың санын ғана емес, халықтың игілігін, жалпы мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтауға бағытталған. Осы орайда демография магистрі, Карлов Университетінің докторанты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Аяулым Сағынбаевамен сұхбаттасқан едік.
-
АҚДМ дипкорпус пен халықаралық ұйымдар өкілдері үшін брифинг өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін мәселелері бойынша дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді.
-
Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз көші-қон туралы келіссөз жүргізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз еңбек көші-қоны мәселелерін шешу үшін талқылау жүргізіп жатыр.
-
Қызылорда облысында пневмонияға шалдыққандардың 90%-ы жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы «сары аймақта».
-
Коронавирус: Бекшин жаңа қаулы шығарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
-
Сапарбаев «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Жомарт жүрек» сыйлығының облыстық кезеңдегі лауреаттарын марапаттау салтанатына қатысты.
-
Анар Фазылжанова: Жаңа әліпбиге жастардың көзқарасы оң
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам арасында бірде көтеріліп, бірде бәсеңдейтін тақырыптардың бірі – жаңа әліпбиге көшу. Осы уақытқа дейін желі қолданушылары жаңа «графиканың тіл дәрежесін көтермейтіні, кириллицадан қалған мәдениетімізді ұмытпауымыз керек» деген пікірлер кең тараған еді. Бұл және басқа да мәселе бойынша соңғы жетілдірілген әліпбиге тікелей атсалысқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжановамен сұхбаттастық.
-
Жамбылдағы жарылыс: Қайтыс болғандардың отбасыларына наградалар табыс етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында әскери қоймадағы өртті сөндіру барысында қайтыс болған құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады.
-
Экология министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдыкөл - су объектісі. Әкімдік өз құзыреті шегінде су қорының жерлерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру туралы қаулы шығарды.
-
Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңірдің АӨК, көлік-логистика, фармацевтика, туризм және басқа да экономика салаларының дамуын тексерді, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды бастап берді.
-
Салық төлеу тәртібін сақтайтын аймақтар тізімі аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінде мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде әрбір мерзімі өткен күнге есептелетінін еске салды.
-
Түркістанға Sinopharm-ның 127 мың дозасы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына Sinopharm вакцинасының 105 мың доза екінші компоненті мен 22 мың доза бірінші компоненті жеткізілді.
-
Қазақстан білім беру сапасы бойынша Қытай мен Малайзиядан озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «CeoWorldMagazine» журналы білім беру жүйесінің сапасы бойынша елдердің рейтингісін жариялады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
20 қыркүйектен бастап оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшірілетіні рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар жаңалықтар порталынан түсірілген скриншотты таратуда. Суретте 20 қыркүйектен бастап еліміздің барлық оқушысы мен студенті онлайн режимде оқуға көшетіні туралы жаңалық көрсетілген.
-
Азаматтар 2 АЕК-тен кем пара берсе де, жазаға тартылады – Асанұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы «AntikorNews» брифингінде айтты.
-
Тоқаев ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты.
-
Бараев атындағы институттың директоры мен бірқатар қызметкері сотталып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «AntikorNews» брифингінде айтты.
-
Таразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Тараз қаласында, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери прокурор, әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Қапезовты еске алу мақсатында Оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасы ғимаратының қасбетіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуы өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
-
Жыл басынан бері жемқорлық жасаған 500-ден астам адам сотталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «AntikorNews» брифингінде айтты.
-
Финляндия пандемияға байланысты Ресеймен шекарадағы шектеулерді ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Финляндияның Ішкі істер министрлігі COVID-19 салдарынан басқа елдермен, соның ішінде Ресеймен шекарадағы шектеулерді 10 қазанға дейін ұзартты. Бұл туралы ведомствоның сайты хабарлады.
-
Алматыда көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Назарбаев даңғылы бойындағы тұрғын үйдің шатыры өртке оранды.
-
Сарапшы «Жаңа мамандықтар атласының» маңыздылығын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. XVII Еуразиялық медиа форумның пленарлы сессиясында Ресейдің «Жаңа мамандықтар атласы» жобасының жетекшісі Дмитрий Судаков заман тез өзгеріп жатқанын айтты.
-
Қоластындағылары пара алғаны үшін қанша басшы қызметінен кетті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы «AntikorNews» брифингінде айтты.
-
Әскери қызметшілерге декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіру кезінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация бір рет ұсынылады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
-
Астық жинау науқаны қазан айының басында аяқталады – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қыркүйектегі жағдай бойынша 14,1 млн гектар егіс алқабындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,2 центнерден айналды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
-
Құсман Игісін. «Эфирді бұзасыңдар!» Қазақ радиосы – дикторлықтың үлкен мектебі еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғасыр күнделігі айдарының келесі қонағы Қазақ радиосының ардагері, белгілі журналист Құсман Игісін. Өмірінің 40 жылын радио мен телеарнаға арнаған қарымды қаламгер радио ардагерлері жайлы тұшымды естеліктерін айтып берді.
-
Баспана жалдау ақысын субсидиялау мөлшері қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде тұрғын үй қорын басқаратын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылды. Бұл бағыттар бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқаны жөнінде Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің басқарма басшысы Әзімбек Нәлібаевпен сұқбаттасып көрдік.
-
Еуразияда бейбіт және тұрақты болашақ қалыптастыруда зор серпіліс керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алматы облысында QazVac вакцинасының 1 млн дозасы құйылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы «Антиген» ЖШС-нің базасында вакцинаны құю бойынша өндірістік алаңды дайындау басталды.
-
Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасынан басым түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Чиба қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Атырауда 2 модульдік аурухана бой көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда инфекциялық стационарда 518 науқас ем қабылдап жатыр.
-
Өткен тәулікте елге 38 халықаралық әуе рейсі келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 16 қыркүйекте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.
-
Атырау облысында 300 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова хабарлады. Оның айтуынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары биыл 1 ақпаннан бастап жүргізіліп келеді.
-
Дүниежүзілік тазалық күні: Елордада #EUBeachCleanup экологиялық науқаны ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Дүниежүзілік тазалық күніне орай #EUBeachCleanup экологиялық науқаны ұйымдастырылды. Атаулы шараға еліміздегі Еуропалық Одақ Өкілдігі, Нидерланды Корольдігі Елшілігі және Эстония Елшілігі қатысты.
-
Байтұрсынұлы идеясын ұлықтаған байқау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанда қазақ тілі оқытушыларының арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті.
-
Пандемия басталғалы 50 мыңға жуық атыраулық індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова хабарлады. Оның айтуынша, облыста індет басталғалы 49500 адамның COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелген.
-
«Bizz Eurasia 2022». Қазақстан шараға жұмсаған қаржысын бірден өтеп алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК АҚ туристік өнімді дамыту департаментінің директоры Даниель Сержанұлы «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты.
-
Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау қазан айынан басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау ішкі жұмыстарға байланысты 13 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылды.
-
Қазақстан Индонезия мен Сингапурды артта қалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «WORLDCOM» төрағасы Хесус Моран «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты.
-
Алматыда суға батып бара жатқан жігіт құтқарылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы ТЖ департаментінің, 109 құтқару қызметінің қызметкерлері Сайран көліне батып бара жатқан жас жігітті құтқарды.
-
«Астана Балет» театрының 9-маусымы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Балет» театрының 9-маусымы ашылды. Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
MICE туризм: Елордада әлемнің 250 кәсіпкері бас қосады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ басқарушы директоры Талғат Аманбаев «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты.
-
25 жастағы ауыр атлет неден көз жұмғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
-
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді жақында өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстарды жоғары бағалады.
-
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына, Солтүстік теңіздердің аудандарынан суық ауа ығысады.
-
СІМ-нің Инвестиция комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ардақ Темірханұлы Зебешев Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
-
ЖҚЖК аясында 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде орташа жалақысы 91 мың теңге болатын 7,8 мың жұмыс орны құрылды.
-
Алматы полицейлері суицид жасамақ болған адамды құтқарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері суицид жасамақ болған ер адамды үйдің шатырынан түсірді. Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.
-
Еліміздің 6 өңірі «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Алматыда монша кешені казино болып шықты
Алматы, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаладағы монша кешендерінің бірінде орналасқан астыртын казино қызметінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еркіндік, тәуелсіздік пен басбұзарлық, зорлық-зомбылықты шатастыруға болмайды – Саиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы кибербуллинг мәселесінің «күйіп» тұрғанын есепке алсақ, Ауғанстанға байланысты діни экстремизм мәселесінің өзекті екендігін ескерсек, осы проблемамен айналысатын мемлекеттік өкілетті органның болғаны дұрыс.
-
Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қыркүйекке қараған түні ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды.
-
ЖОО-ларда зертханалар мен орталықтар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жоғары оқу орындарында жаңа оқу аудиториялары, зертханалар мен орталықтар ашылды.
-
Елде 7,2 млн-нан астам адам екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 17 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
COVID-19. 59 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 17 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 236 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 17 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
-
Саты ауылының тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қыркүйек күні 04:07-де жер сілкінісін тіркеді.
-
4 763 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 4 763 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте елімізде 3081 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 3081 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған адам сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қала тұрғындары 52 миллион теңгесін салған қаржы пирамидасын құрушыға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Moderna вакцинасының қорғанысы әлсіреуі мүмкін екенін мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Moderna COVID-19-ға қарсы вакциналардың жаңа сынақтары уақыт өте келе қорғаныс қабілетінің әлсірейтінін көрсетті деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
-
«Мигрант» іс-шарасы: Павлодар облысында 306 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мигрант» іс-шарасы барысында Павлодар облысында 306 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елімізде өрт кезінде қаза тапқандар қатары 20 пайызға артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өрт салдарынан адамның мерт болу көрсеткіші өскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев айтты.
-
Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұялы телефоныңызды жоғалтқан жағдайда не істеу қажет? Бұл туралы fingramota.kz сайты айтып берді.
-
Қарағанды облысында егін жинау науқаны 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының шаруалары егін жинауды 10 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні дәнді дақылдардың 90%-ы жиналды.
-
ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты төрт есеге артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО активінің отырысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту перспективалары талқыланды. Іс-шара Елбасының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауына арналды, деп хабарлайды Altaynews.
-
Елордада түнде ата-анасының қарауынсыз жүрген 130-дан астам бала ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада түнде ата-анасының және заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 130-дан астам бала ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Мұғалімдерден ақша жинаған директор жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мектеп директорының ақша жинағанын, қаржыны шыбын-шіркейден қорғайтын тор сатып алуға сұралғанын айтып, арыз түсіргендердің ісі қаралды. Директордың міндетін атқарушы жазаланды.
Наверх