Экология министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты мәлімдеме жасады

17 Қыркүйек 2021, 17:57
1204
Бөлісу:
Экология министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдыкөл - су объектісі. Әкімдік өз құзыреті шегінде су қорының жерлерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру туралы қаулы шығарды.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су қорының жерлері басқа санаттарға табиғи немесе жасанды түрде жойылған, сондай-ақ су объектісінің көлемі кішірейген кезде ауыстырылады. Көлдің қай бөлігі табиғи себептермен жоғалып кеткенін, су жинау алаңын салу нәтижесінде көлдің көлемі қаншалықты кішірейгенін зерттеу қажет. Осыған байланысты қосымша зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдау қажет, - делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің ұстанымы - Кіші Талдыкөл су объектісі ретінде қалдырылсын. Бұл ретте қала құрылысының салдарынан көлге түсетін жаңбыр және еріген сулардың ағыны азайғанын назарға ала отырып, оны қосымша толтыру мен айналымға енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет.


Өзгелердің жаңалығы