Мамин «Қазақфильмге» барды

17 Қыркүйек 2021, 21:35
8390
Бөлісу:
Мамин «Қазақфильмге» барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барды. 

Үкімет басшысын киностудияның көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев қарсы алды.

Кездесу барысында Премьер-министр еліміздің басты киноалаңы – «Қазақфильм» киностудиясының тыныс-тіршілігімен, даму перспективаларымен, алдағы жоспарларымен танысты.

Ұлттық кино өнеріне зор көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаныңызға алғыс айтамыз. Мемлекеттің қолдауы арқасында киностудияны халықаралық деңгейге шағарамыз деген басты мақсатымызға жетеміз деп нық сенемін,-деді Ақан Сатаев. 

Сонымен қатар «Қазақфильмнің» президенті 2021-2023 жылдарға жоспарланған киностудияны жаңғырту бойынша жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, бүгінгі күні кино өндірісіне қажетті аппаратуралар сатып алынып жатыр. Сондай-ақ ол киностудияның ғимараттары мен құрылыстарын жөндеу және инженерлік желілерді жаңарту жобаларымен таныстырды.
Өзгелердің жаңалығы