Құсман Игісін. «Эфирді бұзасыңдар!» Қазақ радиосы – дикторлықтың үлкен мектебі еді

17 Қыркүйек 2021, 15:00
11490
Бөлісу:
Құсман Игісін. «Эфирді бұзасыңдар!» Қазақ радиосы – дикторлықтың үлкен мектебі еді
Сұхбат
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ғасыр күнделігі» айдарының келесі қонағы - Қазақ радиосының ардагері, белгілі журналист Құсман Игісін. Өмірінің 40 жылын радио мен телеарнаға арнаған қарымды қаламгер радио ардагерлері жайлы тұшымды естеліктерін айтып берді.

80-нің сеңгіріне шыққан ардагер журналиске мән-жайды түсіндіріп едім, өзі қызмет істеген Қазақ радиосынша сайрай жөнелді. Тіпті, сұрақ қойып, әңгімесін бөлуге де ыңғайсыздандым. Баяғеее замандағы әңгімешіл қарттардың сарқытындай, айтар ойыңды, сұрар сұрағыңды көкейіңнен қағып алып, жауап беріп жүре береді.

- Радиоға 1966 жылы келдім. Ол кезде ІІІ курс студенті едім. Сағынғали Өтәлиев дейтін пысықтау, еті тірі досымыз бар еді. Сол кездегі деканымыз Тауман Амандосовпен жақсы араласты. Сөйтсек, екеуі жерлес екен. Оны кейін білдік қой.

Ол кезде оқуға түсердің алдында бір жыл совхоз-колхозда жұмыс істейді ғой. Болмаса әскерге барады дегендей. Жаңағы Сағынғали «Морфлоттан», мен Түркіменстаннан Қызылқұмнан танксит болып әскерден келіп, содан кейін оқуымызды жалғастырдық. Ол кезде әскери борыш – үш жыл болатын. Біздің қасымызда Ақтөбеден келген Сәлімгерей Сұлтанғалиев деген жігіт болды. Менен екі-үш жас үлкен. Менің өзім 80-ге келдім, Сәлімгерей биыл 83-те болуы керек. Қасымдағы екі жігіт үйлі-баранды, әрқайсысының бірден-екіден балалары бар екен.

Жұбайым екеуміз қатар оқығанбыз. Ол да радиодан бастады еңбек жолын. Оның да бір қызық әңгімесі бар. Жаңағы Сағынғали мен Сәлімгерей бар, бір топ болашақ журналисті картоп жинауға апарды. Филология факультетінің де студенттері бар екен арасында. Ол кезде де филфакта оқитын қыздар көп еді. Ана екеуі үйлі-баранды, мен - бойдақ. Үшқоңырға барып, картоп жинадық. Ана екеуі үйленгендерін айтпайды. Менімен бірге қыздарға «қырындап» жүр. Қазіргі үйдегі жеңгең Жезқазғанның қызы екен, мектеп бітіріп, оқуға түскен, бірінші курста оқиды екен. Сол жерде көңіліміз жарасып, оқу бітірмей жатып үйленіп алдық...

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы