Коронавирус: Бекшин жаңа қаулы шығарды

17 Қыркүйек 2021, 18:43
9868
Бөлісу:
Коронавирус: Бекшин жаңа қаулы шығарды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулыда «қызыл аймақ» режиміндегі нысандар жұмысы көрсетілген. Онда «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін жұмыс режимімен уақытша шектеу бекітілген.

Демалыс күндері барлық «Ashyq» нысаны үшін сағат – 00.00 дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген, алайда қызметкерлер мен клиенттерде «жасыл мәртебе» болуы қажет.

Ал жұмыс күндері «Ashyq» барлық нысаны үшін 00.00 сағатқа дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. 

Сондай-ақ «Ashyq» көшбасшыларына келесі жеңілдіктер қарастырылған:

№37 Қаулыдағы «Ashyq» көшбасшылары мәртебесін беру алгоритмінің 1) және 4) тармақтарына сәйкес «Ashyq» көшбасшылары «қызыл» аймақта «сары» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істейді.

Қаулының толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өтсеңіз болады.

Өзгелердің жаңалығы