MICE туризм: Елордада әлемнің 250 кәсіпкері бас қосады

17 Қыркүйек 2021, 11:49
8453
Бөлісу:
MICE туризм: Елордада әлемнің 250 кәсіпкері бас қосады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ басқарушы директоры Талғат Аманбаев «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты.

2020 жылы Қазақстан 2021 жылға арналған WORLDCOB «Bizz Awards» іс-шарасын өткізу құқығын жеңіп алды, ол белгілі себептермен келесі жылға ауыстырылған еді. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық кәсіпкер қатысады. Оның ішінде бизнес иелері, бірінші басшылар, басқарушы директорлар және 50-ден астам елдің шағын, орта және ірі компанияларының серіктестері бар, - дееді Аманбаев.

Оның айтуынша, шараны өткізу бойынша барлық шығысын ұйымдастырушылар өтейді.

«Bizz Awards» - 2022-2025 жылдары Қазақстанда өтетін 6 іс-шараның бірі. Барлығы 2025 жылға дейін отандық MICE туризм индустриясын коронадағдарыс кезеңінде қалпына келтіруге жәрдемдесетін кем дегенде 20 халықаралық іс-шараны тарту жоспарланып отыр, - деді Талғат Аманбаев.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдері арасында екінші орын алып, COVID-19 пандемиясына дейін конгрестік-іскерлік туризмді (MICE туризм) дамыту бойынша Орталық Азия бойынша көшбасшы атанды. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының деректері бойынша 2019 жылы Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың 18 іс-шарасын өткізуді ұтып алды, оларды өткізуден түскен табыс 6 миллион долларды құрады.

Өзгелердің жаңалығы