ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты төрт есеге артады

17 Қыркүйек 2021, 02:27
3618
Бөлісу:
ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты төрт есеге артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО активінің отырысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту перспективалары талқыланды. Іс-шара Елбасының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауына арналды, деп хабарлайды Altaynews.

Жолдауда ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылды. Негізгі міндеттердің бірі – жемшөп дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайту.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру және су шаруашылығы объектілерін пайдалануға беру есебінен 2025 жылға қарай суармалы жерлердегі азықтық дақылдарға арналған алаңдар 28 мың гектарға (барлығы 296 мың га) ұлғайтылатын болады. Сондай-ақ өнімділігі жоғары және майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, соя, жүгері) жағына қарай егістіктерді әртараптандыру жалғастырылады.

Үш ірі май экстракциялық зауыт құрылысының арқасында облыста 1 миллион тоннаға дейін май тұқымы өңделеді деп күтілуде.

Біз, ең алдымен, экспортқа бағдарланған өнім өсіруді және еңбек өнімділігін арттыруды көздеп отырмыз. Сондықтан өнімділікті, жайылымдық алқаптарды ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және өндірістерді жаңғырту бойынша жұмысты жалғастырамыз, – дейді аймақ басшысы.
Актив аясында Даниал Ахметов ветеринария саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.

 

Өзгелердің жаңалығы