Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз көші-қон туралы келіссөз жүргізіп жатыр

17 Қыркүйек 2021, 18:50
16018
Бөлісу:
Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз көші-қон туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз еңбек көші-қоны мәселелерін шешу үшін талқылау жүргізіп жатыр. 

Бұл туралы Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок айтты.

Елші атап өткендей, заңсыз еңбек көші-қоны екі ел қарым-қатынасына теріс әсер етеді. Сол себепті алдағы уақытта елдер заңсыз жұмыс істейтіндер санын қырқартуға күш салады.

Әрине, заңсыз көші-қон, заңсыз жұмыс күші мәселелері - Кореядағы әлеуметтік маңызды жоба. Бұл тек Қазақстан Республикасына ғана қатысты емес, өйткені Кореяда басқа елдердің өкілдері көп. Сондықтан бұл елдегі жалпы әлеуметтік мәселе. Әрине, Оңтүстік Корея үкіметі заңсыз мигранттар мәселесін шешуге мүдделі, - деді дипломат журналистермен кездесуінде.
Оның айтуынша, қазіргі күні екі ел аталған мәселені шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қазір екі ел заңсыз көші-қон мәселелерін нақты шешу, тәуекелдерді шектеу және Қазақстанның кез келген жас азаматының заңды түрде Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баруы үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл мәселелер өте маңызды. Біз де өз тарапымыздан бұған күш саламыз, - деп айтты Ку Хонг-сок мырза.

Өзгелердің жаңалығы