Түркістанға Sinopharm-ның 127 мың дозасы жеткізілді

17 Қыркүйек 2021, 17:15
19470
Бөлісу:
Түркістанға Sinopharm-ның 127 мың дозасы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына Sinopharm вакцинасының 105 мың доза екінші компоненті мен 22 мың доза бірінші компоненті жеткізілді. 

Түркістанға Sinopharm-ның 127 мың дозасы жеткізілді

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған екпені барлық емхана мен екпе салдыру пунктінен қабалдауға болады. Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 858 637 дозасы жеткізілген. Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытай жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады. Бүгінде І құрамды 832 504 адам қабылдады, ал ІІ компонентті 645 073 адам салдырған, - делінген хабарламада.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 52 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,38%-ды құрайды. Індет басталғалы коронавирустың 13 705 жағдайы анықталды. 

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі стансасы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Өзгелердің жаңалығы