«Астана Балет» театрының 9-маусымы ашылды

17 Қыркүйек 2021, 11:54
2038
Бөлісу:
«Астана Балет» театрының 9-маусымы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Балет» театрының 9-маусымы ашылды. Бұл туралы театр директоры Александр Совостьянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Шектеулерге қарамастан уақытында театрдың 9-маусымын ашқанымызға қуаныштымыз. Біз мұны ұзақ күттік. Себебі әртістер сахнаны, ал көрермендер қойылымдарды сағынды. Мұны әртістер сахнаға шыққанда бірден байқадық, - деді ол.

Ол елорда тұрғындарын «Астана Балет» театрының көрермені болуға шақырды.

Алғашқы қойылым «Сұлтан Бейбарысқа» берген бағаларыңыз үшін рахмет. 17-18 қыркүйекте «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетіледі. Бұл екі қойылым жақында ЭКСПО көрмесі аясында Дубайға гастрольдік сапармен барады. Сондай-ақ 9-маусымға жоспарымыз өте көп. Жылдың аяғына дейін үш үлкен премьера ұсынылады, - деп атап өтті Александр Совостьянов ОКҚ-да.
Сонымен қатар Кіші Броннаядағы театр «Астана Балет» сахнасына гастрольдік сапармен келеді.

Премьералық спектакльдермен қатар көрермен қауым репертуардағы балеттерді де тамашалай алады. Театр репертуарындағы үздік қойылымдардың қатарында «Шерткіш» («Щелкунчик») де бар.

Өзгелердің жаңалығы