Биыл Қарағанды облысының бірнеше ауылында жол жөнделді

17 Қыркүйек 2021, 22:41
8709
Бөлісу:
Биыл Қарағанды облысының бірнеше ауылында жол жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Шахтер ауылында ең үздік тұқым өсіру шаруашылықтарының бірі «Шахтерское» ЖШС-нің егістіктері мен өндірістік алаңдарын араладым. Мемлекеттік қолдаудың арқасында аталған кәсіпорын үнемі өндіріске инвестиция салады. Биыл мұнда суару жүйесі қалпына келтіріліп, екі астық тазалау машинасы орнатылып, астықты сақтау және тазалау кешені салынып жатыр. Ауыл шаруашылығы техникасының паркі жаңартылды. Дәнді дақылдарды уақытылы жинау үшін компания отандық өндірістің сегіз комбайнын сатып алды - деді әкім.

Жыл сайын «Шахтерское» ЖШС ауылды дамытуға қомақты қаражат бөледі. 

Биыл кәсіпорын орталық саябақ пен кафені салуда. Ал 2023-2024 жылдары мұнда қазіргі заманғы екі қабатты үйлерден тұратын тұтас шағын ауданның құрылысын бастау жоспарланған. Бұл ауылға жаңа мамандарды тартуға және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Ал Қайнар ауылында жем дайындау және егін жинау нәтижелерімен таныстым. Ауылдың ең ірі шаруашылығы саналатын «Қайнар» ЖШС дәнді-бұршақты дақылдарды өсіруге және әулиекөл тұқымының асыл тұқымды бұқаларын өсіруге маманданған. Мұнда 220 - дан астам жергілікті тұрғын жұмыс істейді - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар әкім Қарой ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдарды жөндеудің қорытындыларымен танысты. 

Ауылда 4 көше мен екі кіреберіс асфальтталған. Сондай-ақ Мұзбел, Кертінді және Жарасбай ауылдарының жолдарын жөндеу аяқталуда. Қазір жол жиектерін нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Биыл Шұбаркөл, Нұра кенттерінің жолдарында да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық маңызы бар жолдар да жөнделуде. «Нұра – Шахтёрское – Пржевальское» жолының 10 км асфальтталды, қалған 14 км келесі жылы жөнделеді - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, «Киевка – Шахтёрское – Пржевальское» автожолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 

Шахтерский ауылынан Қарой ауылы бағытында жолдың алғашқы 10 шақырымы жөнделді. Жұмыстар кестеге сәйкес жүзеге асырылуда және келесі жылы аяқталады. «Нұра-Осакаровка» жолының ұзындығы 83 км. 2 жылда Нұра кентінен бастап, жолдың 63 км жөнделді. Бүгінгі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың осы кезеңін аяқтаудың жоспарланған мерзімі 2021 жылғы қазан айы. Жолдың қалған 20 км келесі жылы жөнделеді - деді Жеңіс Махмұтұлы.

Өзгелердің жаңалығы