Атырау облысында 300 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған

17 Қыркүйек 2021, 13:23
10602
Бөлісу:
Атырау облысында 300 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова хабарлады. Оның айтуынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары биыл 1 ақпаннан бастап жүргізіліп келеді.

Ақпан айының басынан бүгінгі күнге дейін өңірге I компонентке тиесілі 248 330 доза және II компоненттің 216 790 вакцина жеткізілді. Қазір I компонент 215357 (86%) адамға, II компонент 166 570 адамға (76%) салынды. Бұл облыс бойынша жалпы екпеге алуға жататын тұрғындардың 71,8%-ын, яғни 300 000 адамды құрайды, - деді Бақытгүл Хаменова.
Атырау облысында 300 мыңға жуық адам індетке қарсы вакцина алған

Айта кететін жайт, облыста 59 екпе пункті жұмыс істеп тұр. Оның 10-ы - жылжымалы. Вакцинациялау жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан келесі шаралар қабылданып жатқан көрінеді:

Қала және аудандар бөлінісінде екпе алушылар бойынша күнделікті жоспар бекітіліп, рейтинг жасақталуда. Вакцинациялау бойынша ақпараттық түсіндіру үшін қала және аудан әкімдіктері медицина қызметкерлерімен бірлесіп, күнделікті аулаларды аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін пандемия басталғалы бері 50 мыңға жуық атыраулық індет жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы