Елімізде өрт кезінде қаза тапқандар қатары 20 пайызға артқан

17 Қыркүйек 2021, 05:51
1553
Бөлісу:
Елімізде өрт кезінде қаза тапқандар қатары 20 пайызға артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өрт салдарынан адамның мерт болу көрсеткіші өскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев айтты.

Жыл басынан бері елімізде 7 515 өрт жағдайы тіркеліп, тіл жаудан 1 018 адам құтқарылды. Өкінішке қарай 251 адам қайтыс болды. Сонымен қоса 217 адам түрлі дәрежедегі күйік алды және уланып қалды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы өрт саны 7% төмендеген, бірақ оның салдарынан адамның қаза табуы 20%, ал жарақат алу 18% өсіп отыр. Көбіне тұрғын үй секторында жиі орын алады, биыл 4 300-ден астам өрт болды, бұл еліміз бойынша өрт жағдайының 58%-ы, – деді Е. Төрегелдиев.
Сондай-ақ ТЖМ өкілі өрт қауіпсіздігі бағытында атқарылған жұмыс нәтижесіне тоқталып өтті.

Соңғы 2 жылда атқарылған жұмыстар әлеуметтік осал топтқа жататын азаматтардың үйлерінде орын алатын өрт санының айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Статистикаға сүйенсек, 18 пайызға дейін төмендеген. Мәселен, 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымында аталған санаттағы үйлерде 354 өрт болса, 2020-2021 жылғы жылу беру кезеңінде барлығы 19 өрт жағдайы тіркелген. Сонымен қатар тұрғын үй секторында адамдардың газдан немесе түтіннен улану көрсеткіші де 28%-ға азайғаны байқалады, – дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы