Қазақстан Индонезия мен Сингапурды артта қалдырды

17 Қыркүйек 2021, 12:21
1660
Бөлісу:
Қазақстан Индонезия мен Сингапурды артта қалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «WORLDCOM» төрағасы Хесус Моран «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты.

«WORLDCOM» ұйымының құрамында 130 елдің 3 500 мүшесі бар. Біз Хьюстонда 2004 жылы, яғни осыдан 17 жыл бұрын құрылдық. Сол уақыттан бері жылына үш ірі іс-шара өткізіп келеміз. Оның бірі Еуропаға, бірі Америкаға, енді бірі Азияға бағытталған. Біз өз мүшелерімізді осы іс-шаралардың барлығына шақырамыз. Олар Қазақстаннан үлкен үміт күтіп отыр. Осы елге келуге асық, - деді Моран.

Ол атап өткендей, мамыр айында өтетін іс-шараға шақырылған 250 инвестор келеді.

Келушілердің жоғары мәртебесі мен кәсібилігін де атап өткен жөн. Олардың барлығы «Bizz Awards» сыйлығын алуға келеді. Сол себепті де олардың деңгейі жоғары болып отыр. Шарада инвесторлар бір-бірімен араласып, келіссөздер жүргізе алады. Ұйымдастырушылар Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы инвесторларға жеткізе алады, - деді Хесус Моран.

Ол айтқандай, Қазақстан бұл шараны өткізу бойынша байқауды 2 жыл бұрын ұтып алды.

Қазақстан бұл байқауда Макао мен Сингапур, Индонезиямен бәсекеге түсті. Біз мамырда өтетін іс-шараға дайындық үшін Қазақстанға келдік. Мамыр айында келетін инвсеторлардың да үміті ақталады деп ойлаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы