«Bizz Eurasia 2022». Қазақстан шараға жұмсаған қаржысын бірден өтеп алады

17 Қыркүйек 2021, 12:56
14641
Бөлісу:
«Bizz Eurasia 2022». Қазақстан шараға жұмсаған қаржысын бірден өтеп алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК АҚ Туристік өнімді дамыту департаментінің директоры Даниель Сержанұлы «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты.

Қазақстандық тарап «Bizz Eurasia 2022» көрмесіне келетін қонақтарды күтіп алуға, ұйымдастыру шараларына 10 млн теңге бөледі. Бұл - салықтармен қосқандағы сома. Таза сома одан да аз. Оған қоса, бұл сома 250 инвестордың келген кезінде бірден өтеледі. Біздің елде шетелдіктер орташа есеппен 500 мың теңге кетіреді десек те кеткен қаржы өтеледі. Ал халықаралық конференциялық-конвенциялық қауымдастықтың статистикасы бойынша іскер туристердің біздің елдегі шығыны 1418 долларды құрайды, - деді ол.

Сержанұлы бұл соманы 250 адамға есептегенде 150 млн теңгені құрайтынын айтты.

Демек, келетін қонақтар есебінен ғана Қазақстан экономикасына осынша қаражат түседі. Бұл мемлекет тарапынан экономикаға қосып отырған мардымды үлесі деп айтуға болады. Біз тек салықтармен тікелей шығындарымызды жаба аламыз, - деді Даниель Сержанұлы.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдері арасында екінші орын алып, COVID-19 пандемиясына дейін конгрестік-іскерлік туризмді (MICE туризм) дамыту бойынша Орталық Азия бойынша көшбасшы атанды. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының деректері бойынша, 2019 жылы Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың 18 іс-шарасын өткізуді ұтып алды, оларды өткізуден түскен табыс 6 миллион долларды құрады.

Өзгелердің жаңалығы