Елімізде TikTok жайлы алғашқы фильмнің түсірілімі басталды

17 Қыркүйек 2021, 19:49
29866
Бөлісу:
Елімізде TikTok жайлы алғашқы фильмнің түсірілімі басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда TikTok туралы алғашқы отандық кинокартина – «AOOL HOUSE» толықметражды көркем фильмінің түсірілімі басталды.

Жастар, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары TikTok әлеуметтік желісінде барған сайын танымал бола түсуде. Олардың қысқа бейнелері бүкіл әлемдегі пайдаланушылардан миллиондаған қолдауға ие.

Қазақстандық тиктокерлер туралы фильм түсіру идеясы «Каникулы offline» дилогиясын құрушыларға тиесілі. 

«AOOL HOUSE» - бұл ауылда жеке TikTok үйін құрған және керемет табыс пен танымалдылыққа қол жеткізген ауыл балалары туралы отбасылық комедия.

Фильмдегі басты рөлдерді актрисалар және танымал тиктокерлер Зухра Сайпи (@zactress), Cool house-дан Ғайни Жарылқасынова (@gainisugar), Дәулет Өзбеков, Азат Жұмаділ, Ербол Әлмұханов, «Шекер», «Сержан-братан» сериалдарындағы танымал актерлер, сондай-ақ Yolo House және Bip House-дан танымал тиктокерлер сомдады.

Фильмнің сюжеті бойынша әртүрлі әлеуметтік топтағы балалар өз идеялары мен таланттарын біріктіріп, туған ауылында «TikTok үйін» ашады. Өйткені белгілі болғандай, TikTok пен ауыл - бұл жетістік формуласы!

Өзгелердің жаңалығы