«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

17 Қыркүйек 2021, 22:25
3470
Бөлісу:
«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» бөлімінің XIX концерттік маусымының ашылуына орай әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған «СӘБИ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» еске алу кеші өтті.

«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

Семей қаласы әкімдігімен бірлескен концертің мақсаты ұлттық классикамыздың дәстүр нақышында, халықтық мәнерде ән шығарған, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мәди, Естай, Жаяу Мұса, Әсеттерден жеткен сал-серілерінің жалғасы, «Сәби болғым келеді» «Дариға, домбырамды берші маған!», «Қазағым-ай», «Аягөз-Ару» атты сан алуан сырлы әндерімен халықтың жүрегін тербеген Тұрсынғазы Рахимовты еске ала отырып келер ұрпаққа шығармашылын насхаттау - дейді ұйымдастырушылар.

«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кешінде елорда филармониясының «Халық ән» бөлімінің әншілері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Мәдениет саласының үздігі Секен Сыздықов, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай өнер көрсетті.

«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

Сонымен қатар, дәстүрлі ән бөлімінің көркемдік жетекшісі Телман Нұркенов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Абдурасул Есекеев жетекшілік ететін филармонияның «Шалқыма» Халық би ансамблі, Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин жетекшілік ететін «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі осы кештің көркін кіргізді.

«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

Кешке композитордың отбасы және өнердегі інілері, шәкірттері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіманов, Клара Төленбаева, Толғанбай Сембаев, Нариман Абдрахманов қатарлы өнер майталмандары арнайы қонақтары ретінде келіп, әннен шашу шашты.

«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

Сазгердің Семейден келген әнші інілері мен шәкірттері Нұриден Иманбаев, Серік Бабаханов, Қайрат Қамидолдин, Елдос Жақсылықов, Гүлдана Ноғайбаева, Алтын Смасейтова, Жасұлан Тәжиев сынды өнер иелері ән шырқап, дәстүрлі ән өнерінің құдыретін паш етті.

«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

Қарапайымдылығымен халқына сүйікті болған, сәби жүректі сазгерді еске алу кеші жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтті

  

Өзгелердің жаңалығы