Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасынан басым түсті

17 Қыркүйек 2021, 14:08
15585
Бөлісу:
Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасынан басым түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Чиба қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізді. Отандық спортшылардың бұл жолғы қарсыласы Гонконг құрамасы болды. Екеуара кездесу 3:0 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді. 

Қазақстан құрамасы қазіргі таңда 9-12-орындарды сарапқа салуда. 

Айта кетерлігі, құрлықтық біріншілік 19 қыркүйекке дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы