Алматыда пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

17 Қыркүйек 2021, 19:34
7520
Бөлісу:
Алматыда пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда пәтер ұрысы кезекті үйді тонау кезінде ұсталды. 

Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұрын сотты болған 1973 жылы туған У есімді азаматты өткен күні Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында жедел қызметкерлер ұстады. 

Ұстауға бірнеше минут қалғанда сотталушы алматылық қыздың пәтерін тонаған. Ол сол жерден алтын бұйымдарды ұрлап, үй иесіне 200 мың теңгеден астам материалдық залал келтірді. Кіреберістен шыға бергенде, ол құрықталды. Одан олжа табылып, процессуалдық тәртіппен тәркіленді. Сонымен қатар тергеу-жедел тобы күдіктіні тексеру кезінде табылған пневматикалық тапаншаны да қылмыстық іс материалдарына тіркеді. У есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Науатовтың айтуынша, қазірдің өзінде полицейлерде ұсталған адамның осындай үш ұрлыққа қатысы бар екендігіне сенімді деректер бар. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін жеңіл ақшаға әуесқойдың құрбандарының тізімі толықтырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы