Все новости за 30 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мемлекет басшысы Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті композитор һәм жұртқа танымал әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
-
Елена Рыбакина Мадридтегі теннис турнирін жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Мадрид WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы жаңа агенттік құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазының бірі - ақын, аудармашы Қажытаев Серікжан. Ол 4 жылдың ішінде 7 кітапты қазақ тіліне аударған.
-
«Атамекен», «Әдемі-ау» әндері қалың көпшіліктің жүрегінен ерекше орын алды – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады elbasy.kz.
-
Қазақ әліпбиіне арналған конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпбиі» атты онлайн форматтағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
Ақпарат министрі Ескендір Хасанғалиевтің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі әншi-композитор, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
-
Әділет министрлігі Нидерландыдағы сот талқылауында процессуалдық жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 28 сәуірінде Амстердам аудандық соты Анатол Стати, Габриэль Стати, Ascom S. A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-ға қарсы бастаған сот процесінде аралық шешім шығарды.
-
Қазақстан Қытаймен кедендік статистикасындағы алшақтықты қысқартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика алшақтығын қысқарту үшін қандай шара қолданылып жатқанын және осы шаралардың нәтижесінде алшақтық қаншалықты азайғанын айтып берді.
-
«100 жаңа есім»: Қазақстандағы тұңғыш «Еріктілер мектебін» ашқан жас маман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 4-інші кезеңінің жеңімпаздарымен кездесті. Олардың қатарында ел басына күн туған шақта жас та болса, азаматтық көрсете білген маман Дарын Әбілжанов бар.
-
Ескендір Хасанғалиев ғибратты ғұмырын ән мен саз әлеміне арнады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ өнері ауыр қазаға ұшырады. Тағы бір дархан жүректі халқымыздың дара перзентінің жүрегі тоқтады. Бар болмысы елім деп жырлайтын Ескендір ағамыз көш-керуенге ілесіп, келместің кемесіне мініп арамыздан кете барды деген суыт хабарды естіп, қабырғам қайысып отыр, деп жазды Мәдениет жәнет спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында.
-
Таразда колония қызметкерлері 85 ұялы телефон өткізбек болған адамды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚАЖ мекемелерінің аумағында бірнеше рет ескертулерге және тыйым салынған заттарды алып қою мысалдарына қарамастан,«курьерлер» кейде кезекті «тыйым салынған затты» алып өткізуге тырысқанда түрлі айла-әрекеттерге барады.
-
#Не әңгіме? Әрбір жас ата-анасынан бөлек өмір сүргісі келеді – психолог
«Не әңгіме?» аудиоподкастының кезекті қонағы - елімізге танымал отбасылық психолог Ерлан Мырзабаев.
-
Әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов хабарлады.
-
«100 жаңа есім»: АҚШ хоккей клубындағы қазақстандық бапкер жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұлбұл Қартанбай 13 жасынан бастап хоккеймен айналыса бастады. Ол бүгінгі күні АҚШ хоккей клубының жаттықтырушысы. Бүгінгі күні спортшы жобаның жеңімпазы атанды.
-
Шекарадағы оқиға: Зардап шеккен 49 адам Бішкекке жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күннің ішінде Бішкек денсаулық сақтау ұйымдарына 49 адам жеткізілді. Бұл туралы брифинг барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Ализа Солтонбекова мәлімеді.
-
«Алматы Жастары»: Баспана төлемі пәтер жалдаудың нарықтық құнынан әлдеқайда төмен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жас мамандар үшін қолжетімді баспана туралы айтылды.
-
Эпидемиолог вакцинадан кейінгі қалыпты және болуы мүмкін әсерлер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде халықты жаппай вакцинациялау жүзеге асырылып жатыр. Ақпан айында ресейлік вакцинаны салдырту басталса, сәуірден бастап қазақстандық вакцина айналымға кірді. Вакцинадан кейінгі қалыпты және болуы мүмкін әсер туралы сұрақтарға эпидемиолог дәрігер Лена Қасабекова жауап берді.
-
Биыл Ақтауда жалпы аумағы 10 мың шаршы метрлік жол жөнделеді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақтау қалалық автомобиль жолдары және жолаушылары көлігі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Бекасыл Алхамовтың сөзінше, облыс орталығында көлік жолдарының жалпы ұзындығы 209 шақырымды құрайды.
-
Атырауда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысындағы ауыл шаруашылығының қарқыны, шаруалардың жай-күйі туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мырзамен сұхбаттастық.
-
Санэпидбақылау комитеті алдағы мереке күндеріне қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мерекелік күндер алдында маңызды мәлімдеме жасады.
-
Көпұлтты қазақстандықтар күннің нұры, Алланың назары түскен мемлекетте өмір сүріп отыр – этнос өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған онлайн телекөпірі кезінде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов айтты.
-
Ақтауда «Интернационал-мектеп» жұмыс істейді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында №23 жалпы білім беру мекемесін өңір тұрғындары осылай деп атап кеткен.
-
«100 жаңа есім»: Ауылдастарының арманын орындаған ұстаз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің жеңімпаздарымен кездесті. Олардың қатарында ауылдастарына аспалы көпір салып берген Ахат Рақышев бар.
-
Әзілханов ҚХА сессиясында Елбасы айтқан 5 мәселені атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған онлайн телекөпірі кезінде ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов айтты.
-
Вакцинаның генетикалық әсері жоқ, уақыт өте келе өздігінен ыдырап кетеді – вирусолог
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Вакцина салу не үшін қажет? Екпе төңірегінде қауесет таратып жүрген кімдер? Отандық QazCovid-in вакцинасының қандай артықшылығы бар? Отандық вакцинаның күші қанша уақытқа есептелген? Коронавирусқа қарсы вакцинаның қандай жанама әсері бар? Вакцинаны балаларға салуға бола ма? Коронавирус жұқтырған адам вакцина салдырса, оның зардабы қандай болмақ? Отандық вакцинаға қай елдер қызығушылық танытты? Әлемді жайлаған коронавирус қолдан жасалған ба?
-
Алматының шеткі аудандарында спорт нысандары көбейеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Cпорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Марат Әзілханов: Халық бірлігі - бұл күш пен тірек, ұлттың беріктігінің көрсеткіші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған онлайн телекөпірі кезінде ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов айтты.
-
Тоқаев пен Лукашенконың не туралы сөйлескені белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Беларусь Президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Тоқаев Қазақстан-Қырғызстан арасындағы көші-қон мәселесін реттейтін заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
-
Мемлекет басшысы елдегі туристік қызметке қатысты заң қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Әскери-теңіз күштері арнайы тапсырмаларды орындауға дайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» және «Орал» әскери кемелері К-2 курстық тапсырмаларын сәтті орындады, оның шеңберінде артиллериялық атыстар кешені өткізілді.
-
Тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген буынның қарым-қабілетін жоғары бағалаймын – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесуде сөйлеген сөзін жариялады.
-
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып келе жатқанын айтты.
-
Әскерилер жағалы пальтодан «аляска» курткасына ауысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.
-
Фотограф Айнұр – Моңғолияда тұратын қазақ қызы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Айнұр Байболатқызы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына қарасты Цэнгэл ауданында 2000 жылы дүниеге келген.
-
Жыл сайын әскери қызметшілердің тамақтануына қанша қаржы бөлінеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.
-
Павлодар облысы ТЖД бастығы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңадан тағайындалған бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашевты таныстырды.
-
Жоғары білікті дәрігерлер өңірлерге барып, көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 мамыр мен 24 маусым аралығында «UMC» корпоративтік қорының жоғары білікті дәрігерлері республика өңірлеріне сапармен барып, жергілікті мамандарға тәжірибелік және әдістемелік-консультациялық көмек көрсетеді.
-
30 мың әскери қызметші вакцина салдырды – Таласов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.
-
Сарбаздар асханаларында тағам әзірлеуге қатысты электрондық бағалау енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.
-
Жеке құрам өзіне тән емес қызметтерді атқармайды – Таласов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.
-
Ақтауда жаһандық «Caspian Startup-2021» сайысы өтіп жатыр
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл байқауды Назарбаев Зияткерлік мектебі жыл сайын өткізеді. Биылғы іс-шараға аймаққа көршілес Түркіменстан, Әзірбайжан өзге де мемлекеттерден 87 өтініш келіп түскен.
-
Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қоршаған ортаны қорғау саласына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекованың құрметіне арналған аллеяға 110 түп ағаш отырғызу шарасында туған туыстары мен әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті.
-
Атырауда 2021-2025 жылдары 36 спорттық кешен салынады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Биыл Атырауда кәсіби спорт клубтарға 1000 жасөспірім тартылатын болады. Сондай-ақ, «Атырау» шағын футбол командасы жанынан 60 баланы тәрбиелейтін академия ашу жоспарланып жатыр екен.
-
«Рухани жаңғыру» мұражай жұмысына жаңа бетбұрыс әкелді – музей директоры
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Тоқсан жылға таяу тарихы бар Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы облысымыздағы іргелі мәдени орталықтардың бірі. 1932 жылы ашылған музейде Қарағанды облысының территориясына, тарихына, халқына, өнеркәсібіне, мәдениетіне қатысты құнды жәдігерлер мен тарихи құжаттар жинақталған.
-
QazVac вакцинасы туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «БҒМ LIVE» жобасының тікелей эфирінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья отандық QazVac вакцинасы қалай әзірленгенін және коронавирустан қалай қорғайтынын айтып берді.
-
Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қоршаған ортаны қорғау саласына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекованың құрметіне арналған аллея тағы ағаштармен толықты. 110 түп ағаштың 55-ін отбасы мен туған-туыстары, қалған 55-ін әріптестері мен серіктестері екті. Себебі жасыл экономика бойынша көшбасшысы Салтанат Рақымбекова 55 жасында өмірден өткен еді.
-
Цой қашан масканы шешіп, еркін жүруге болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан қашан маскасыз жүру мүмкіндігі болатынын айтты.
-
Балабақша мейірбикелерінің жалақысы қашан өседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.
-
Нұр-Сұлтандағы емханалар мамыр айының мереке күндері қалай жұмыс істейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айының жақындағанына қарамастан медициналық ұйымдар, яғни қалалық МСАК ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
-
Қазақстандық COVID-паспорттар шетелде жарамды ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында жауап берді.
-
Нығматулин: Республикалық бюджет – Мәжілістің назарында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
-
Antikor жемқорлықты идеология арқылы азайтуға ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева «Парасат жолы» орталықтарының жұмысы туралы баяндады.
-
Шетелдік азаматтар вакцинаны тегін ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында айтты.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота алудың шарттары қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.
-
Өткен тәулікте Алматыда 673 адамнан вирус анықталды, оның екеуі шетелден келген
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 29 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 675 жаңа жағдайы тіркелді, оның 673-і жергілікті және Түркия мен РФ-дан келген 2 адамнан вирус анықталды. Науқастардың 584 симптомдық белгілері бар және 91 симптомсыз.
-
2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында айтты.
-
Сегіз жаңа оңалту орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Балалар кардиохирургия орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында айтты.
-
Вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Жасанды ұрықтандыруға жыл сайын жеті мың квота беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
-
Проблемаларды шешу үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу өткізіп, 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі.
-
Сағынтаев: «Алматы жастары 3.0»: Санат тізімі кеңейіп, жеңілдетілген қарыз сомасы ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беру бойынша қалалық бағдарламада қандай жаңалықтар пайда болғанын және қанша өтініш түскенін хабарлады.
-
2020 жылы нәрестелер өлім-жітімі 3%-ға төмендеді – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу өткізіп, 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі.
-
«AgroData» қосымшасы фермерлерге егін науқанын жоспарлауға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егін науқаны мен оны жоспарлау кезіндегі «AgroData» қосымшасының тиімділігі, қолжетімді мәліметтерді ауыл шаруашылығында қолдануға қатысты жаңашылдықтар туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде айтылды.
-
Әбдіқалықова «Қызылорда» облыстық телеарнасының ұжымын 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жағыппар Аманжолұлы бастаған «Қызылорда» облыстық телеарнасының ұжымын 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.
-
Жұмыс берушілер тарапынан заңға қайшы фактілер жиі анықталады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында еңбек заңнамаларының орындалуы, жұмысшылардың құқықтарының қорғалуы бағытында Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Әубәкіров Игілік Айдарұлымен сұхбаттастық.
-
Токиода суға секіруден лицензиялық әлем кубогі басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамыр күні Токиода суға секіруден FINA әлем кубогі басталады. Дүбірлі додада Олимпиада ойындарының жолдамасы да сарапқа салынады деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Мамырдың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, яғни 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Алматыда 5 фармацевтикалық компания салынады
Алматы, BAQ.KZ. 2025 жылға дейін Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек шығаратын 5 фармацевтикалық компания салынады. Олардың арнайы экономикалық аймақта орналасуы барлық тарап үшін тиімді болмақ. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
СҚО-да қой шаруашылығын дамытуға арналған өңірлік бағдарлама қабылданды
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Бағдарлама аясында 10 жылда қой санын 1,6 миллионға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
-
Арзу Велиев: Ұлтына қарамастан әр қазақстандық дәстүр мен мәдениетті құрметтеуі тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі күні. Мерекеге орай, Қарағанды қаласының Полиция басқармасы Октябрь ПБ жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі Арзу Велиевпен сұқбаттастық.
-
Шымкент пен Ақтөбе «сары» аймаққа ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 30 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Мемлекеттің 100% меншігіндегі ЖОО-ларды жекешелендіруге мүмкіндік болмайды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістің отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда бекітетін, білім беру үшін маңызды нормалар қамтылған заң жобасы қабылданды.
-
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29-30 сәуірде Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.
-
Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
-
33 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 30 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
-
Елбасы: Тек татулықтың арқасында басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
-
Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан қаза тапқандардың саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ. Қырғыз-Тәжік шекарасындағы қақтығыстан қаза тапқандардың жалпы саны 6 адамға жетті, деп мәлімдейді 24.kz.
-
Өткен тәулікте 2626 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2626 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2853 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2853 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Елімізде соңғы үш айдың ішінде 834 адам өз-өзіне қол жұмсаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың үш айында 834 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады. Олардың көпшілігі ер адамдар. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есебінде айтылған.
-
Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны төрт миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте Италияда коронавирусты жұқтырғандар саны 14 320-ға көбейіп, 4 009 208-ге жетті, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі.
-
Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингісінде үздік ондықта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атақты The Ring журналы орта салмақтағы 10 үздік боксшының тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
-
Бокстан биылғы Азия чемпионаты Нью-делиден Дубайға ауыстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан биылғы Азия чемпионаты Үндістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырылды. Құрлық додасы 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Дубайда өтеді. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы хабарлады.
-
Ақтөбе облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
2 мамырда автобус жүрмейді – Елорда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 мамырда Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.
-
Түркия 3 апталық локдаун басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда 17 күндік локдаун басталады. Ел тұрғындары базар аралап, азық-түлік алса, енді бірі 3 апта бойы бос отырмау үшін хобби заттарын түгендеп алған, деп хабарлайды 24.kz.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Атырауда бір тәулікте 2 384 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда бір тәулікте 2 384 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Наверх