Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан қаза тапқандардың саны артты

30 Сәуір 2021, 08:45
2700
Бөлісу:
Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан қаза тапқандардың саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ. Қырғыз-Тәжік шекарасындағы қақтығыстан қаза тапқандардың жалпы саны 6 адамға жетті, деп мәлімдейді 24.kz.

Мерт болғандардың арасында кәмелет жасқа толмаған қыз бала да бар. Ал жарақат алғандардың саны жүзге жақындады. Баткен облысының денсаулық сақтау министрлігінің үйлестірушісі Арзыбек Борубековтің айтуынша, зардап шеккен 38 адам ұшақпен Бішкектегі ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге салайық, Баткен ауданының Көк-Таш ауылының тұрғындары тәжік сарбаздарынан су тарататын бекетте орнатылған бейнебақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Бірақ екі жақ тіл табыса алмай бір-біріне тас жаудыра бастаған. Шиеленіс атыс пен жаралыстарға ұласты. Көршілес елдер «атысты бірінші бастады» деп бірін-бірі айыптады.

Кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға уағдаласқан. 


Өзгелердің жаңалығы