Марат Әзілханов: Халық бірлігі - бұл күш пен тірек, ұлттың беріктігінің көрсеткіші

30 Сәуір 2021, 16:44
2520
Бөлісу:
Марат Әзілханов: Халық бірлігі - бұл күш пен тірек, ұлттың беріктігінің көрсеткіші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған онлайн телекөпірі кезінде ҚХА Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов айтты.

ҚХА төрағасының орынбасары қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады.
Бұл - барша қазақстандық үшін аса маңызды рухани негізі бар мереке. Халық бірлігі - бұл күш пен тірек, ұлттың беріктігі мен жетілуінің көрсеткіші. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау - Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылының басты және даусыз табысы. Біздің ортақ Отанымыздың тағдыры үшін әр азаматтың жауапкершілігін сезіну күнделікті өмірде нормаға және біріктіруші қағидаға айналды, - дейді ол.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - бұл ортақ тарихи тағдыр мен ортақ болашаққа негізделген қазақстандық патриотизм мен этносаралық келісімнің салтанаты.

Оның сөзінше, бүгінгі телекөпір Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясының қорытындысы бойынша өтіп жатыр.

Сессияда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқы бірлікте, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үшін жалғыз дұрыс және іргелі таңдау жасағанын атап өтті. Осының арқасында біз мемлекеттілікті құру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасадық, әлеуметтік-экономикалық дамуда және халықтың әл-ауқатының жоғарылауында айтарлықтай прогреске қол жеткіздік және дүниежүзілік ұлттар отбасының беделді және сенімді мүшесіне айналдық, - деді ол.

Марат Әзілханов атап өткендей, сессияның жұмысы кезінде Елбасы Тәуелсіздіктің әділеттілік кезеңіне айналғанын атап өтті. Осылайша, қазақ халқы өзін-өзі басқару нәтижесінде өзінің ұлттық рухы мен ұлы тарихын жандандырды, миллионнан астам қандас үйлеріне оралды, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында зардап шеккендер ақталды.

Еске сала кетейік, 28 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті.

Өзгелердің жаңалығы