Әскерилер жағалы пальтодан «аляска» курткасына ауысады

30 Сәуір 2021, 15:35
1714
Бөлісу:
Әскерилер жағалы пальтодан «аляска» курткасына ауысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.

Өткен жылдың қарашасында Жоғары Бас қолбасшы әскери коллегияға қатысты. Сол кезде біз бірқатар өзгерістер жасауды ұсындық. Кейбір өзгерістерді киім-кешекке енгізгіміз келеді. Ол бас киімдерге де қатысты. Жағалы пальтодан «аляска» курткасына ауысамыз. Алдыңғы қатардағы елдердің барлығы осындай өзгеріс жасайды. Азиядағы үздік әскердің бірі болғандықтан, біз де үнемі дамуды басшылыққа аламыз, - деді Таласов.

Ол бұл бастаманы Президент те қолдағанын атап өтті.

Жалпы, әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған әскери-медициналық қамтамасыз ету мәселесі тиісті жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тылдық қамтамасыз ету әскери қызметшінің қызмет өткеруі үшін барлық қажетті жағдайды жасауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Таласов атағандай, әскери қызметшінің денсаулығын бақылауды армияға келген күннен бастап әскери дәрігерлер жүзеге асырады.

Әскери қызметші кезең бойынша медициналық қарап-тексеруден, куәландырудан міндетті түрде өтіп отырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы