Мамырдың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

30 Сәуір 2021, 10:31
3754
Бөлісу:
Мамырдың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған, яғни 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сәуірдің соңғы күндерінде Қазақстан аумағына антициклонның енуінің әсерінен республиканың көптеген облысында ауа температурасы төмендейді.

Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жоталары елдегі ауа райына әсер етіп, жылы ауа массаларын алып келеді.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17...27°С-тан 28...36°С-қа дейін, солтүстік өңірлерде 10...18-ден 15...23°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда. 

Бірақ циклондар да көп күттірмейді 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерде нөсер болады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

2 мамырдан бастап батыс аймақтарға Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ете бастайды, олар солтүстік аймақтар арқылы жылжып, бұл аудандарда жаңбыр жауады.   


Өзгелердің жаңалығы