Шетелдік азаматтар вакцинаны тегін ала ма?

30 Сәуір 2021, 12:39
2664
Бөлісу:
Шетелдік азаматтар вакцинаны тегін ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында айтты.

Қазіргі таңда коронавирус індетіне қарсы вакцинация Қазақстан азаматтарына да, елде тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге де, ел аумағында тұрақыт өмір сүретін шетел азаматтарына да тегін жүргізіледі. Күні кеше өткен коронавирус инфекциясына қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде 3 айдан астам уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттарына да екпе тегін жасалатыны туралы шешім қабылданды. Бұл ел ішінде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қажет, - деді ол.

Айта кету керек, бүгінгі есеп беру кездесуі барысында министр 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі.

Бұған дейін министр вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктірілетінін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы