Әскери-теңіз күштері арнайы тапсырмаларды орындауға дайындалды

30 Сәуір 2021, 16:15
2102
Бөлісу:
Әскери-теңіз күштері арнайы тапсырмаларды орындауға дайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» және «Орал» әскери кемелері К-2 курстық тапсырмаларын сәтті орындады, оның шеңберінде артиллериялық атыстар кешені өткізілді.

Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлық жоспары негізінде тапсырма жылына бір рет орындалады. Оған теңіз, әуе нысаналарына, миналарға зениттік, кемедегі артиллериялық қондырғылардан және «Утес» ірі калибрлі оқшашарынан орындалатын атыстарды қамтиды.

Әр текті кемелердің жеке дивизион командирінің орынбасары үшінші дәрежелі капитан Айбек Жұманов нысаналарды жою бес шақырымға дейінгі қашықтықта жүргізіліп жатқанын атап өтті. Нысананы анықтау навигациялық-радиолокациялық құрылғының және кеменің өзін-өзі қорғаудағы кешенді жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, кемені шұғыл ұрысқа және жорыққа дайындау, жүзудегі тартыстар, зақымдалған кемені басқару және басқа да элементтер пысықталды. Кемеде және адамды теңізге түсіру кезінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, құтқару операциялары жүргізілді. Кеменің диверсияға қарсы қорғанысын зәкірмен ұйымдастыру нормативтері де тапсырылды.

Естеріңізге сала кетсек, К-2 курстық тапсырмасының барлық элементтері әр кемені арнайы тапсырмаларды орындауға дайындаудың қосалқы бөлігі болып табылады. Теңізге шығу әскери теңізшілерге кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы