Ақтауда жаһандық «Caspian Startup-2021» сайысы өтіп жатыр
30 Сәуір 2021, 14:34 1082

Ақтауда жаһандық «Caspian Startup-2021» сайысы өтіп жатыр

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл байқауды Назарбаев Зияткерлік мектебі жыл сайын өткізеді. Биылғы іс-шараға аймаққа көршілес Түркіменстан, Әзірбайжан өзге де мемлекеттерден 87 өтініш келіп түскен.

Дәстүрлі байқаудың биылғы тақырыбы - жаңартылған энергия көздеріне арналып отыр. Карантиндік шектеулерге орай аралас форматты өткізу ұйғарылған.

Ұйымдастыру алқасының төрағасы, химия-биология бағытындағы НЗМ директоры Әсел Бейсембинаның айтуынша, «Caspian Startup» сайысы еліміз бойынша оқушылар мен колледж студенттеріне арналған бірегей жоба.

Биылғы жылы бұл жарысты аралас форматта өткізіп, халықаралық дейгейге шығып көруді шешкен болатынбыз. Алғашқы екі іріктеу кезеңі онлайн түрде өтсе, ақтық кезең қашықтан өтеді. Бұл жолы 90-ға тарта жобаның қатысып тұрғанына өзіміз де қайран қалып тұрмыз. Өйткені, бұрын бұл тақырыпта бағын сынаушылар саны тым аз болатын - деді ол.

Жуырда алғашқы іріктеу кезеңі өткізілді. Бас-аяғы 87 жобаның 61-і таңдалып алынды. 4 және 5 мамырда әр қатысушы өз жобасын онлайн түрде қорғауы тиіс. Қазылар алқасы кәсіпкерлер мен кәсіби стартапшылардан құралғанын айта кетейік. Байқаудың ақтық кезеңіне тек 15 жоба жіберіледі.

Соңғы кезеңге жолдама алған 3 адам жеңімпаз деп танылады. Оларға заманау гаджет құралдары сыйлыққа беріледі. Ең бастысы, Yessenov University ректорының атынан 1, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай газ университетінен 10, қазақ-британ техникалық университетінен 4 білім гранты бөлініп тұр. Бұдан бөлек, ақтың сынға сүрінбей жеткендердің барлығына бірдей халықаралық ІТ технопарк «Astana Hub» тренері 3 күндік стартап тренгингін өткізеді. Жалпы Маңғыстау өңірінде ауылшаруашылығы саласында жеке кәсіп ашқан азаматтар үшін жаңаратын энергия көздері бағытындағы жобалар аса қажет. Сондықтан, мұндай байқаудың жалпы елімізге берері мол - дейді аймақтық кәсіпкерлер палатасына қарасты кеңес мүшесі Өмірбек Құрбанбаев.

Айта кетейік, аталған сайыс маңғыстаулық кәсіпкерлердің қолдауымен осымен 3-ші рет өткізіліп тұр.


Фото: дереккөз
Загрузка...