Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

30 Сәуір 2021, 13:26
2124
Бөлісу:
Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қоршаған ортаны қорғау саласына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекованың құрметіне арналған аллея тағы ағаштармен толықты. 110 түп ағаштың 55-ін отбасы мен туған-туыстары, қалған 55-ін әріптестері мен серіктестері екті. Себебі  жасыл экономика бойынша көшбасшысы Салтанат Рақымбекова 55 жасында өмірден өткен еді.

Былтыр басталған іс-шара жалғасын тауып жатыр. Өткен жылы 55 ағаш отырғызған едік. Оны Салтанат Темірқұлқызы атындағы саябақ деп атадық. Себебі өзі көзі тірісінде бірнеше саябақта күзгі және көктемгі маусымда ағаш отырғызатын. Жасыл экономикаға үлесін қосқан тұлға еді. Республика бойынша бірнеше жасыл орталықты ашты. Оған көрсетілген құрмет деп түсінеміз. Бүгін 110 ағаш егеміз, - деді Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.
Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Оның айтуынша, Президенттің 5 жылда ел бойынша 2 млрд-тан астам ағаш егілуі керек деген тапсырмасы бар.

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Ол бастаманы қолдау ретінде де, елордамыздың көркеюіне үлес қосу мақсатында да бұл іс-шараны қолға алып отырмыз. Ағаш отырғызуға мемлекеттік органдар тарапынан министрлік өкілдері, депутаттар, халықаралық ұйымдар атсалысады, - деді ол.
Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Өз кезегінде Салтанат Темірқұлқызының жолдасы Төлеутай Рақымбеков бұл саябақ былтыр 10 қазанда ашылғанын айтты.

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Ол кезде 55 тал отырғыздық. Себебі Салтанат 55 жасында өмірден өтті. Жадымызда мәңгі 55-те болып қалады. Биыл 110 тал отырғызбақшымыз. Оның жартысын туыстары, қалғанын әріптестері егеді. Жылда көктем мен күзде ағаштар санын толықтырып отыруды жоспарлап отырмыз. Бұл іс-шараны қала әкімдігі мен аудандық әкімдіктерге қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Салтанаттың жұмыстағы әріптестері, жолдастары бірауыздан атсалып, көмектесіп жатыр. Оларға алғыс айтамыз, - деді Төлеутай Рақымбеков.
Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты
Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Ағаш отырғызу іс-шарасына Салтанат Темірқұлқызының туған-туыстары, жора-жолдастары, билік өкілдері, әріптестері қатысты. 

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Олар Салтанат Рақымбекованың істеген игі істері мен бастамалары жайлы естеліктерді де айтты.

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Айта кетейік, Салтанат Рахымбекова атындағы аллеяны оның серіктестері мен пікірлестері, шәкірттері есімін мәңгі есте сақтау және оның азаматтық қоғамды, «жасыл» экономиканы  дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбектерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында 2020 жылдың қазан айында ашты.

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы - «жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының және ауыл әйелдері мен ауыл жастарын қолдау жөніндегі бірқатар қоғамдық ұйымның негізін қалаушы, Президент жанындағы «жасыл экономикаға»  көшу жөніндегі Кеңес мүшесі, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары бойынша көшбасшылар қозғалысы жұмыстарында өз ізін қалдырды.

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Ұйымдастырушылар «жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы мен Салтанат Рақымбекованың қоғамдық қоры атынан атап өткендей, осы экологиялық акция  таяу арадағы бес жыл ішінде бүкіл республика бойынша екі миллиардтан астам ағаш отырғызу арқылы Қазақстанды ауқымды көгалдандыру бойынша  Президент Тоқаевтың бастамасын қолдау мақсатында өткізілді.

 Рақымбекова атындағы аллея тағы 110 түп ағашпен толықты

Өзгелердің жаңалығы