Ескендір Өтегенұлын халқымыз қоңыр дауысты әнші және жан тебірентерлік әндер шығарған композитор ретінде өте жақсы көрген еді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында жемісті еңбек етіп, отандық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты. Халқымызға 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларын тарту етті. Әсіресе, «Атамекен», «Анаға сәлем», «Есіңе ал», «Айналайын», «Әдемі-ау», «Гүлсезім» және басқа да тамаша туындылары көрермен тарапынан жоғары бағасын алды. Халқымыздың сүйіспеншілігі мен айрықша құрметіне бөленді. Еліміздің өнері мен мәдениетін өркендетуге атсалысып, соңына жарқын із қалдырған Ескендір Өтегенұлының бейнесі ұмытылмайды, есімі халқымыздың жадында сақталады, – делінген жеделхатта.
Ең оқылған:
- АҚШ-та саяси текетірес күшейді: Трамп демократтарды тергеуді талап етті
- Екі облыстың тасжолында жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
- Алматыда ҚазҰУ-дың бірінші курс студентінің өлімі тергеліп жатыр
- Краковта атыстан алты адам қаза тапты: қалада төрт күндік аза тұту жарияланды
- Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар қыз табылды